Білім • 03 Қазан, 2022

Қазақстанда мұғалімдерге арналған бескүндік енгізілді

520 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі бұйрығымен педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақытының ерекшеліктерін анықтау ережесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда мұғалімдерге арналған бескүндік енгізілді

Енгізілген түзетулерге сәйкес, білім ордаларында бес күндік оқу енгізіледі. Сенбі және жексенбі күндері демалыс болады. Бірақ үш ауысымда оқитын, орын жетіспейтін мектептерде, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында сабақ кестесі бұрынғыдай қала береді. Үш ауысымда оқитын, орын жетіспейтін мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдер үшін жексенбі ғана демалыс болып бекітілді.

Қосымша білім беру бағдарламалары бойынша шарттық негізде жұмыс істейтін мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерінің жұмыс уақыты мен демалыс режімі ішкі тәртіп ережелерімен белгіленеді.

Бұйрық 2022 жылдың 1 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35