ANTIKOR • 03 Қазан, 2022

ANTIKOR қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желілерде азаматтық киім киген адам Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкеріне шабуыл жасағаны туралы видео тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

ANTIKOR қызметкеріне қауіп төндірген полиция майоры қамауға алынды

ANTIKOR баспасөз қызметі аталған факт бойынша хабарлама жариялады.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы Полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан», делінген хабарламада.

Аталған факт бойынша осы жылдың 22 қыркүйегінде Қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

29 қыркүйекте күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

«Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», делінген хабарламада.