Теннис • 03 Қазан, 2022

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте алға жылжыды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының рейтингінде алға жылжыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте алға жылжыды

Қазақстандық теннисші 24 сатыға көтеріліп, 209-шы орынға ие болды.

Еске сала кетсек, өткен аптада Тимофей Лиссабондағы турнирдің жартылай финалына шығып, әлемнің 137-ші ракеткасы атанған италиялық теннисші Марко Чеккинатодан жеңіліп қалды. 

Рейтингте испандық Карлос Алькарас көш бастап тұр, екінші орынға оның отандасы Рафаэль Надаль орнықты. Ал норвегиялық спортшы Каспер Рууд үздік үштікті тұйықтады.