Қоғам • 03 Қазан, 2022

600 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұрғын үй кезегінде тұрғандардың жартысынан көбі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар. Бұл туралы ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

600 мыңнан астам қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр

«Бүгінгі таңда еліміз бойынша тұрғын үй кезегінде 621 мыңнан астам адам тұр. Оның 432 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдар. Олардың ішінде ең осал және тұрғын үй мәселелерін шешуге аса мұқтаж төрт басым санат бар», деді Бауыржан Қабдол ОКҚ брифингінде.

Спикер аталған санаттарға кімдер жататынын айтты.

«Біріншісі - көп балалы отбасылар, оған 91 мың азамат кіреді. Екіншісі - бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар. Аталған санатта 51 мың адам бар. Үшіншісі - мүгедек балалары бар отбасылар, кезекте 24 мың азамат тұр. Төртінші - жетім балалар, олардың саны 61 мың адамды құрайды», деп атап өтті Б.Қабдол.