«Жарылыстан қыздар мен жас әйелдер көп зардап шеккені хабарланды. Құрбандардың саны одан да артуы мүмкін. Кабулдағы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі командалары тексеру процесін жалғастыруда», делінген миссияның Twitter парақшасында.
Бұған дейін БҰҰ 35 адам қаза тауып, 82 адам жарылыстан зардап шеккенін хабарланған еді.
30 қыркүйекте Ariana News телеарнасы қаланың батысындағы Дашт-е Барчи ауданындағы «Кадж» білім беру орталығында жарылыс болғанын хабарлады. ІІМ-нің Талибан Үкіметіндегі өкілі Абдул Нафи Тахора жарылыс туралы ақпаратты растады.
Соңғы айларда Ауғанстанның кейбір провинцияларында, соның ішінде астаналық аймақта бірқатар жарылыстар, қарулы шабуылдар мен атыстар орын алды.