Қоғам • 03 Қазан, 2022

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ИИДМ Құрылыс және ТКШ істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қабдол «Бақытты отбасы» бағдарламасынан «толық емес отбасы» санаты не себептен шығарылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте тұрғын үй саясатының жаңа механизмдерін таныстырды. Бауыржан Қабдолдың айтуынша, «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды.

«Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында отбасы институтын қолдау және сақтау мақсатында «Бақытты отбасы» жеңілдетілген бағдарламасына қатысушылардың санаттары қайта қаралды. Атап айтқанда, талдау нәтижесінде «толық емес отбасы» санаты алынып тасталды. Мониторинг көрсетіп отырғандай, «Бақытты отбасы» бағдарламасы іске қосылған сәттен бастап «толық емес отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандар саны 72%-ға немесе 61,6 мың адамға артқан», ­деп нақтылады спикер.