Ахмет Байтұрсынұлы • 03 Қазан, 2022

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қазанда Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде көрнекті қоғам қайраткері, лингвист және жазушы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «дөңгелек үстел» өтеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойы Парижде атап өтіледі

Іс-шараға Қазақстан Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов, ЮНЕСКО Бас директорының орынбасары, сонымен бірге Әзербайжан, Қазақстан, Түркия және Германия ғалымдары қатысады деп күтілуде.

Сол күні опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың 100 жылдық мерейтойына орай «Сазген сазы» этно-фольклорлық ансамблі, халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Медет Чотабаев, Жұбаныш Жексенұлы, Ренат Гайсин, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты Ерке Есмаханның қатысуымен салтанатты концерт өтеді.

Еске сала кетсек, өткен жылы ЮНЕСКО Бас конференциясының 41-ші сессиясында бұл екі маңызды күн ЮНЕСКО-ның 2022-2023 жылдарға арналған атаулы күндер тізіміне енгізілген.