Көрші Ресей елімен қарым-қатынас достық бағытта жалғасып келеді. Беларусь елімен бірге Қазақстан және Ресей елдері Еуразиялық экономикалық одақ шартына қол қою табалдырығында тұр. Бұл келешекте жасар жұмыстардың бағытын саралап, өзара түсіністік пен келісссөздер аясын кеңейту тұрғысында жүзеге асады. Маңғыстауға сапарында аймақ басшылығымен Қазақстан мен Ресей елдері арасындағы өзара ынтымақтастық пен оның келешегі, екіжақты әріптестік мәселесі талқыланды, экономикалық байланыстағы Маңғыстау облысының маңызы жан-жақты әңгімеленді. Мұнай саласы, қара алтын өндірудің үлесін көбейту тәсілдері сөз болған кездесуде М.Бочарников екіжақты байланысты аймақтың табиғи дамуы мен көлік-логистикалық орталығы жоспарларын дамытуға байланысты да өрбітуге болатындығын жеткізді. Елші Каспий жағалауындағы бес мемлекет арасында тиімді келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтып, күз айларының бірінде Атырау қаласында бес мемлекет президенттерінің қатысуымен өтетін саммит көрші елдер арасындағы ынтымақтың одан әрі арта түсуіне сеп болатындығын айтты.
Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтың қабылдауында осы мәселелер төңірегінде сөз өрбіткен елші Ақтау қаласының әкімі Е.Жаңбыршинмен де кездесті. Кездесуге Ресейдің Орал қаласындағы бас консулы Саид Забитов қатысты.
Ақтау қаласы бірнеше алыс-жақын қалалармен достық, бауырластық қарым-қатынас орнатуға талпынып, осы бағытта біраз әріптестер тауып үлгерген, олармен әлеуметтік тұрғыда жақсы қатынас қалыптастыра алған қала. Қала басшысы кездесуде Ақтау қаласы, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен көлік-логистикалық әлеуеті, даму перспективасы, әлеуметтік нысандардың құрылысы, коммуналдық шаруашылығындағы өзекті мәселелерді шешудегі алынған нақты шаралар, көгалдандыру бағытындағы жұмыстармен, енгізілген жаңа технологиялармен таныстырып, Ақтау жуырда ғана мүшелігіне өткен «Біріккен қалалар және жергілікті билік» Бүкіләлемдік ұйымы туралы баяндады. Ұйым шеңберінде биыл тамыз айында Ақтау қаласында өткізілуі жоспарланған «Еуразия қалаларының әлемдік мұрасы» VII халықаралық конференциясы жөнінде айтып, көрші елдің елшісінен қалалар арасындағы бауырластық қатынастардың тарихи негізін қалаушысы әрі бұл бағыттағы тәжірибесі мол Волгоград қаласымен Ақтаудың бауырластық қатынасын орнатуға ықпал етуін сұрады, сондай-ақ М.Бочарниковтың құрғақ өңірде халықты сумен, жылумен және электр энергиясымен қамту туралы сұрағына жауап берілді.
Сапар соңында Михаил Бочарников Ресей-Қазақстан арасындағы әріптестік қатынастары жайында сөз қозғай келе, Ақтау қаласында Ресей мемлекетінің консулдық өкілдігін ашу жөнінде мәселенің өзектілігін алға тартты.
– Қазіргі таңда Қазақстанның батыс аймағында Ресейдің консулдығы бар. Алайда, екіжақты қатынастардың нық екенін ескере отырып, қазірге теория негізінде Маңғыстау өңірінде консулдық өкілдіктің болғанын құп санаймыз. Ақтау қаласы жан-жақты даму қарқынымен, тартымды инвестициялық әлеуетімен Қазақстандағы қалалардың алдыңғы сапында келеді. Біз екі ел мен оның қалаларының достығы үшін қуанамыз. Өндірісті Маңғыстау өңірі ресейлік кәсіпкерлердің қызығушылығына ие, болашақта әріптестік байланыстарымыз дами береді деп сенемін, – деді ол.
Қазақтың қанында бар қасиет қой, достық теңізінің жағасындағы маңғаз Маңғыстау, ақмаржан Ақтау достық пейілден ешқашан бас тартқан емес. Дос боламын дегенге қашанда көңілі дарқан, төрі кең.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
АҚТАУ.

Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге өмір бойы берілетін регрестік төлемдер: Министрлік аралас модельді ұсынды
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33