Спорт • 04 Қазан, 2022

Екінші орынға табан тіреді

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда ғана велоспорттан Аустра­лия­да өткен 23 жасқа дейінгілер ара­­сындағы әлем чемпионатында топ жарған қазақстандық Евгений Фе­доров «Тур Ломбарди» бәсекесінде де жүлделі орыннан көрінді.

Екінші орынға табан тіреді

 

22 жастағы Astana Qazaqstan Development Team командасының өкілі 94-мәрте ұйым­дастырылған жастар арасындағы бір күндік «Тур Ломбарди» жарысында мәре сызығын екінші болып кесті. Отандасымыз кезең бойы белсенді жұмыс істегенімен, соңғы сәтте жекелей жарыста 23 жасқа дейінгілер арасындағы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы бельгиялық велошабандоз Алек Сегартке жол беріп қойды.

Сөйтіп, Италияда өткен биылғы «Тур Лом­­барди» додасында Lotto – Soudal велоко­манда­сы­ның өкілі топ жарды. Үздік үштікті франциялық AG2R Citroën командасының велошабандозы Джор­дан Лабрусс түйіндеді. Велоспортшылар ұзақ­тығы 170 шақырым жолды жүріп өтті.