Қазақстан • 04 Қазан, 2022

Қазақстанда Тайқазан туралы мультфильм түсіріліп жатыр

471 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық анимация саласы тағы бір төл туындымен толығады. Режиссер Қуаныш Нағыз «Тайқазан хикаясы» атты мультфильм түсіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда Тайқазан туралы мультфильм түсіріліп жатыр

Анимациялық туынды киелі тайқазанды қайтарып алу үшін жолға аттанып, зұлым жаумен шайқаста қайсар батырлық көрсеткен жас батыр туралы баяндайды.

- 2007 жылы мен «Алтын жебе» анимациялық фильмдер фестиваліне қатыстым, ол кезде Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА үшінші курс студенті едім. Фестиваль шеңберінде барлық қонақтарды Түркістанды аралатып, Қожа АхметЯссауидің кесенесіне алып барды. Сол кезде киелі тайқазанды алғаш көріп, үлкен әсер алдым. Осыдан шамамен екі жыл бұрын тайқазан туралы мультфильм түсіруді ойлап, барлық деректермен танысып шықтым. Кейін сценарий жазып, осы жазда Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының сценарийлер байқауына қатыстым, - дейді аниматор Қуаныш Нағыз.

Айта кетсек, Қуаныш Нағыз «Тайказан хикаясы» мультфильмінің сценарий авторы мен қоюшы суретшісі. Бұл жас режиссердің алғашқы жұмысы емес. Ол әр жылдары «Қазақфильм» киностудиясында «Үш сыйлық» және «Менің атым Қозы» сынды басқа да анимациялық туындыларды түсірген.

Режиссердің айтуынша, «Тайказан хикаясы» комедиямен аралас түсірілетін шытырман оқиғалы мультфильм. Сонымен қатар ол дайындық кезеңі барысында үлкен жұмыстар атқарылғанын, фильмнің негізгі персонаждары салынғанын, сондай-ақ жобаның сызба нұсқасы түсірілгенін хабарлады. Бүгінде жас мультипликатор негізгі локацияларды салып, кейбір сахналарды қозғалыспен көркемдеп жатыр.

Аталған мультфильмнің түсіру жұмыстары үстіміздегі жылы қараша айында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше