Қоғам • 04 Қазан, 2022

Алаяқтық жолмен 9 миллион теңгені иемденген

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Талдықорған қаласының тұрғыны екі азаматтың 9 миллион теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен иемденген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяқтық жолмен 9 миллион теңгені иемденген

Талдықорған қаласының тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесеміз деп екі азаматтың 9 миллион теңгеден астам ақшасын алаяқтық жолмен алып алған. Алданғанын білген жәбірленушілер полицияға бірден хабарласқан.

«Әйел жәбірленушілердің бірінен 4 миллион теңге, екіншісінен 5,2 миллион теңге алған. Ол мемлекеттік құрылымдардың қызметкері емес және мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй бөлумен айналысатын комиссияға қатысы жоқ. 48 жастағы әйел қамауға алынды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша жүргізілуде», деді облыстық ІІД Тергеу басқармасының бастығы Руслан Чарапиев.