Қазақстан • 04 Қазан, 2022

Үкімет басшысы автомектептердің жауапкершілігін тексеруді тапсырды

113 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп жол апаттарының көбеюіне қатысты жан-жақты талдау жүргізуі тиіс. Бұл туралы Әлихан Смайылов Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет басшысы автомектептердің жауапкершілігін тексеруді тапсырды

Әлихан Смайылов жауапты сала өкілдеріне төмендегідей тапсырмалар жүктеді: 

1. Жол апаттары жиі болатын учаскелердегі қозғалысты қадағалау жұмыстарын күшейту қажет. Тиісті іс-шараларды әзірлеп, оны дайындалып жатқан Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдамаға енгізу керек.    

2. Әкімдіктер қауіпсіз жол инфрақұрылымын жасау бойынша қосымша шаралар қабылдауы тиіс. Жолдағы камераларды көбейту қажет.  

3. Индустрия министрлігі көлік құралдарын техникалық тексеру сапасын тиімді бақылау тетігін жасауы қажет.

4. Әділет және Ішкі істер министрліктері сапасыз жүргізушілерді даярлайтын автомектептердің жауапкершілігі мәселесін қарауы керек. Жол жүру ережелерін жиі бұзатын адамдарға жазаны күшейту қажет.  

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43