Сербиялық теннисші Astana Open ATP 500 жарысына қатысады.
Ол жексенбі күні мәреге жеткен Тель-Авив ATP 250 додасының финалында хорватиялық Марин Чиличті 6:3, 6:4 есебімен ұтып, жеңімпаз атанған еді.
Қазіргі кезде дүниежүзілік рейтингіде жетінші орында тұрған Н.Джокович Астана жарысының төртінші ракеткасы болып тіркелген. Новак бүгін бастапқы кездесуін рейтингіде 81-сатыдағы чилилік Кристиан Гаринмен өткізеді.