«21 қыркүйектен бастап 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алды», деді Бағдат Мусин Үкімет кулуарында.
Министр ЖСН тек банк картасын алу үшін ғана емес, бұзушылықтарды тіркеу үшін де қажет екенін түсіндірді.
Бұған дейін ІІМ басшысы Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 200 мыңнан астам Ресей азаматы кіргенін, 147 мың азамат кеткенін, қазір өткізу пункттеріндегі жағдай тұрақты екенін айтқан еді.