Қазақстан өкілі Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтағы рейтингте 11-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді. Бұл ретте жұлдызды американдық Хорхе Масвидал екі позицияға төмендеді.
Қазақстандық спортшы соңғы күресін осы жылдың 25 маусымында өткізді, онда ол американдық файтер Нил Магниді екінші раундта ойсырата жеңген еді.
Бұрын UFC Рахмоновты Стивен Томпсонмен жекпе-жекке шығарғысы келетіні туралы хабарланған болатын. Бірақ АҚШ спортшысы Шавкатпен шайқасқа шығудан бас тартты.