Спорт • 04 Қазан, 2022

Алматыда Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары өтеді

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан U-19 қыздар құрамасының қатысуымен 2022-2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.

Алматыда Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары өтеді

Жеребе қорытындысы бойынша біздің қыздар «В» лигасының жетінші тобында Чехия және Андорра құрамаларымен бір топқа түскен еді. Ойындар Т.Сегізбаев атындағы «Қайрат» ФК жасөспірімдер академиясының базасында (Б.Майлин көшесі, 230А‎) өтеді. 

Жеті топтан құралған «В» лигасының командалары «А» лигасының жолдамасына таласады. Топтың жеңімпаздары жоғары дивизионға өтеді.  

«В» лигасының 7-тобының ойын кестесі (елорда уақыты көрсетілген):

05.10.2022. 14:00

Қазақстан WU-19 – Чехия WU-19 

08.10.2022. 14:00

Чехия WU-19 – Андорра WU-19 

11.10.2022. 14:00

Андорра WU-19 – Қазақстан WU-19