Әлем • 04 Қазан, 2022

Финляндияда Лениннің соңғы ескерткіші орнынан алынды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эстониялық мүсінші Матти Варик жасаған Владимир Лениннің бюсті бүгін Финляндияның Котка қаласының орталығынан алынып тасталды, деп хабарлайды Egemen.kz ukrinform.ru сайтына сілтеме жасап.

Финляндияда Лениннің соңғы ескерткіші орнынан алынды

Қала құрылысы басқармасының басшысы Маркку Ханнонен ескерткішті жылжыту өте күрделі техникалық операция аясында жүзеге асқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, бюст жүк көлігінің платформасына көтеру құрылғысының көмегімен орналастырылған. Бұл мүсін енді  Кименлааксо мұражайында сақталады. 

Айта кетейік, Лениннің мүсінін 1979 жылы қалаға сол кездегі Кеңес Одағының құрамында болған Таллин сыйға тартқан. Коткадағы мүсін Финляндиядағы кеңестік саясаткердің соңғы ең ірі ескерткіштердің бірі болған. 

Сондай-ақ фин қалаларының көшелерінде Ленинге арналған мемориалдық тақталар мен рельефтер әлі де бар.