Аймақтар • 04 Қазан, 2022

Қостанайда жалған алкоголь өнімі тәркіленді

107 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облыстық Қаржы мониторингі департаменті жалған есепке
алу-бақылау таңбалары жапсырылған алкоголь өнімдерін сақтап, оны сатумен айналысып келген ЖШС құрылтайшысын әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайда жалған алкоголь өнімі тәркіленді

Қылмыстық іс бұған дейін тіркелген сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері бойынша анықталып отыр.

«Тінту кезінде жалған акциздік маркалар жапсырылған 23 мыңнан астам бөтелкедегі алкоголь өнімінің 40 түрі тәркіленген қоймалар
анықталды. Іс бойынша тергеу жалғасуда», деп хабарлады департаменттің баспасөз орталығы.