Өнер • 04 Қазан, 2022

Жас композиторлар жарысы

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «New Music Generation 2022» атты ІV халықаралық композиторлар байқауы басталды.

Жас композиторлар жарысы

Биылғы дүбірлі додаға әлемнің қырық мемлекетінен 170-тен аса қатысушы ниет білдіріп, олардан 300-ге жуық шығарма түскен. Конкурстың көркемдік жетекшісі, қазылар алқасының төрағасы Ра­хат-Би Әбдісағин өз сөзінде бұл бай­қау еліміз үшін үлкен абырой екендігін айтады. «Өйткені осы бай­қау арқылы Қазақстанды әлемнің көптеген елі жақын тани түсті. Себебі өнер сайысына Германия, Фран­ция, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Жапо­ния, Оң­түстік Корея және ТМД мемле­кет­терінен қатысушылар бар», деді ол.

Байқаудың мақсаты – заманауи академиялық музыканы насихаттап, жас таланттарды қолдап, олар­ды ынталандыру. Бұған 35 жасқа дейінгі жас композиторлар сим­фониялық, камералық және вокалдық шығармаларымен қаты­сып, бақ сынайды. Олардың туын­дыларын Тристан Мюрай (Фран­ция), Марк Андре (Германия), Алессандро Сольбиати (Италия), Клод Леду (Бельгия), Юрий Кас­паров (Ресей) секілді шетелдік т­анымал композиторлар сарапқа салады. Байқау онлайн форматта өтеді, басты ерекшелігі – барлық қаты­­су­шының есімі әзірге белгі­сіз, яғни құпия сөз арқылы қатысады. Же­ңімпаздар 7 қазанда анықталады.