Футбол • 04 Қазан, 2022

«Ақтөбе» «Ақжайықтан» ұтылды

185 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ұлттар лигасы турниріне байланысты уақытша үзіліске шыққан футболдан Қазақстан чемпионаты қайта жалғасты. Еліміздің жеті қаласында өткен 21-тур матчтары жанкүйерлер күтпеген тосын нәтижелерге толы болды. Мәселен, ел чемпионатында топ бастап, қатарынан сегіз ойында жеңілмеген «Ақтөбе» бұл турда турнир кестесінде соңғы орындарда келе жатқан «Ақжайықтан» ұтылып қалды. «Астана» сырт алаңда әрең дегенде «Тұранмен» тең ойнап, басты қарсыласының ұпай жоғалтқанын тиімді пайдалана алмады.

«Ақтөбе» «Ақжайықтан» ұтылды

Отандық футбол тарихындағы ең үздік шабуылшылардың бірі болған Сергей Квочкинді еске түсіруге арналған XXI турда топ басындағы командаларға қара­ғанда, аутсайдерлердің айы оңы­нан туды. Тур өткен сайын тықыр тая­нып, чемпионаттағы орнын сақтап қалуға ты­рысып жатқан «Ақжайық», «Мақ­та­арал» секілді командалар бұл жолы қор­жындарын маңызды үш ұпаймен толық­­тырып, келесі жылы да жоғары топта өнер көрсетуге үмітті екендіктерін байқатты.

Ең кейінгі рет шілдеде жеңіліп, соңғы үш айда ұпайдан шашау шығармаған «Ақтөбе» 21-турға келгенде сүрінді. Орал­­да жергілікті «Ақжайық» клубымен кездескен Андрей Карпович шәкірттері 3:1 есебімен жеңіліп қалды. Алаң иелері 90-минутқа дейін қонақтар қақпасына жауапсыз үш гол соғып, матчты ірі есеппен аяқтауға жақын еді. Алайда 90-минутта Жерар Гоу гол соғып, есеп айырмасын бір голға қысқартты.

Осы турдың тағы бір сенсациясын «Мақта­арал» жасады. Тараз қаласына қо­наққа барған Түркістан облысының клубы осыдан бірер ай бұрын чемпионатта көш бастаған «Таразды» бір доп айырмасымен жеңіп кетті. Ойындағы жалғыз голды 35-минутта Жан Али Пайруз соқты. Осы­лайша, турнир кестесінде соңғы орында тұрған «Мақтаарал» маңызды үш ұпайы­на қол жеткізіп, ұпай санын 18-ге жеткізді.

Григорий Бабаянның «Астанаға» қайта оралуы әзірге жанкүйерлерді де, команда басшылығын да қуанта қойған жоқ. Өткен турда өз алаңында «Тобылдан» жеңілген (1:2) елордалықтар бұл турда «Тұранмен» ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Түркістанда өткен тартысты кездесу 2:2 есебімен тең аяқталды. «Тұран» сапынан Бақдәулет Зұлфықаров пен Артем Гу­ренко гол соқса, елордалықтардан Абат Айымбетов пен Марин Томасов мергендік танытты. Бірінші таймның 42-минутында «Астананың» жартылай қорғаушысы Педро Эудженио пенальтиден гол соға алмады. Түркістаннан бір ұпаймен елор­даға қайтқан «Астана» «Ақтөбемен» арадағы ұпай санын небәрі біреуге ғана қысқарта алды.

Турнир кестесінде алғашқы екі орында келе жатқан командалардың ұпайдан шашау шығарғанын үшінші орындағы «Тобыл» тиімді пайдаланып кетті. Өз алаңында Қарағандының «Шахтерін» қабылдаған қостанайлықтар 3:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Ұпай санын 38-ге жеткізіп, «Астанамен» теңескен был­тырғы ел біріншілігінің жеңімпаздары чемпиондық таласқа қайта қосылды. Матчтың есебін «Тобылдың» капитаны Серікжан Мұжықов ашқанымен, Стефан Букорац үзіліске дейін таразы басын те­ңестірді. Матч соңына қарай Душан Йо­ванчич 11 метрлік айып соққысын дәл орындаса, кейіннен Серж Дебле кездесудің нүктесін қойды.

Сондай-ақ жүлделі орындарға талас жүргізіп жатқан «Қайрат» пен «Ор­дабасы» да кезекті үш ұпайларына қол жеткізді. Алматылықтар сырт алаңда «Қы­зылжар» клубымен кездесіп, соңғы минутта жеңісті жұлып алды. Бірінші таймда Жоао Пауло алматылықтарды алға шығарғанымен, үзіліске дейін Эльгуджа Лобжанидзе таразы басын теңестірді. Екін­ші таймның қосымша уақытында Вячеслав Швырев гол соғып, қонақтарға жеңіс сыйлады.

Ал «Ордабасы» өз алаңында «Аты­рауды» қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Голдарды 38-минутта Әділхан Добай мен 90+5 минутта Одилбек Обди­мажитов соқты. 21-турдан кейін «Қайрат» 33 ұпаймен төртінші, «Ордабасы» 32 ұпаймен бесінші сатыға жайғасты.

Ақтаудағы «Каспий» мен «Ақсу» арасын­дағы матч алаң иелерінің пайда­сына аяқталды – 1:0. Шешуші голды 41-ми­нутта бразилиялық легионер Руан Телеш соқты. Осы жеңісінің арқасында «Кас­пий» 29 ұпай жинап, 7-орынға көте­рілді. «Ақсу» бір саты төмендеп, 9-орынға тұрақтады.

Келесі турдың матчтары алдағы сенбі, жексенбі күндеріне жоспарланған. Яғни 8 қазан күні «Ақтөбе» – «Каспий» және «Ақсу» – «Тобыл» командалары ойнаса, 9 қазан жексенбі күні «Тараз» – «Қызыл­жар», «Астана» – «Ордабасы», «Атырау» – «Қайрат», «Мақтаарал» – «Ақжайық», «Шах­­тер» – «Тұран» командалары жасыл алаң­да кездеседі.

Турнир кестесі 

 К???луб

Ойын

Жеңіс

Тең

Жеңіліс

Доп айырмасы

Ұпай

1

 «Ақтөбе»

21

13

3

5

30-22

42

2

 «Астана»

21

11

5

5

45-21

38

3

 «Тобыл»

21

11

5

5

39-27

38

4

 «Қайрат»

21

9

6

6

27-27

33

5

 «Ордабасы»

21

10

2

9

31-29

32

6

 «Шахтер»

21

9

3

9

30-27

30

7

 «Каспий»

21

9

2

10

22-29

29

8

 «Атырау»

21

7

7

7

24-25

28

9

 «Ақсу»

21

8

2

11

24-32

26

10

 «Тараз»

21

6

7

8

24-23

25

11

 «Тұран»

20

5

8

7

19-25

23

12

 «Қызылжар»

21

5

7

9

24-26

22

13

 «Ақжайық»

20

6

3

11

15-24

21

14

 «Мақтаарал»

21

4

6

11

18-35

18