Аймақтар • 04 Қазан, 2022

Бұл – жоспарлы жөндеу

361 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы 1 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында технологиялық қондырғыларды жоспарлы жөндеу басталды. Зауытты тұрақты жұмыс режіміне шығаруды кезең-кезеңімен қарашаның екінші онкүндігіне дейін жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Бұл – жоспарлы жөндеу

«Атырау МӨЗ» ЖШС-ның қоғаммен байланыс бөлімі мәлім еткендей, технологиялық қон­дырғыларды жоспарлы жөндеу Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

«Технологиялық нысандарды жөндеу кезең-кезеңімен жүзе­ге асырылады. АМӨЗ-дегі құрыл­ғы­лар мұнайды екі кезеңдік жүйе бо­йынша өңдейді. Яғни бірі­нен кейін бірі тоқтатылып, іске қосылады. Сондықтан нысандар жұмысын толық тоқтатпайды. Жөндеу кезінде зауыт 50-70 пайыз­ға тең қуатпен мақсатты өнім шы­ғаруды, оны жөнелтуді жалғас­тырады», деп хабарлады қоғаммен байланыс бөлімі.

Зауыт мамандарының түсінді­руінше, биылғы қазан мен қара­ша айларында 692 мың тонна мұнай өңдеу жоспарланыпты. Де­мек мұнай өңдеудің орташа тәу­ліктік көрсеткіші 11 347 тоннаны құ­райды. Бұл – зауыттың жоба­лық қуат­тылығының 68 пайызы. Ал мұнай өнімдерін шыға­ру тоқта­тылмайды. Мәселен, тәулі­гіне орташа 2 400 тонна автобензин, 2 600 тонна дизельді отын, 240 тонна реактивті отын және 170 тонна сұйытылған газды шығару көзделген. 

«Атырау мұнай өңдеу зауы­тындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» заң талаптарына сәй­кес технологиялық, электркүшті, компрессорлық және динамикалық жабдықтарды қауіпсіз әрі сенімді пайдалануды қамтамасыз ету үшін қондырғылардың жобалық көрсет­кіштеріне қол жеткізу, эко­логиялық параметрлерді жақ­сарту, автоматтандыру құралдарын қайта қарау мақ­сатында жасалады. Жоспарлы жөндеу кезінде қондырғыларда катализаторларды ауыстыру, ішкі инспекция, реакторлық, ыдыстық, колонналық, жылу алмасу жабдығы мен құ­быр жолдарын тексеру және куә­ландыру жүргізіледі», деп мәлім етті зауыттың қоғаммен байланыс бөлімі.

 

Атырау облысы

Соңғы жаңалықтар

Нақты істің кезеңі

Үкімет • Бүгін, 09:14

Заң тілі қашан жүйеленеді?

Саясат • Бүгін, 08:45

Отан да, парыз да ортақ

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Ынтымақ пен мейірім мерекесі

Мереке • Бүгін, 08:30

Инфляция иірімі

Инфляция • Бүгін, 08:25

Шаруаның көңілі неге күпті?

Шаруашылық • Бүгін, 08:10