Хоккей • 05 Қазан, 2022

«Барыс» «Нефтехимиктен» ұтылды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Барыс» ҚХЛ аутсайдері «Нефтехимиктен» ұтылды, деп жазады Egemen.kz.

«Барыс» «Нефтехимиктен» ұтылды

«Барыс Аренада» өткен матчтың 11-ші минутында қонақтар есеп ашты. Гол авторы Андрей Белозеров.

Араға 7 минут салып Джереми Бракко таразы басын теңестірді.

Екінші кезеңнің 37-ші минутында Адрей Чивилев жеңіс шайбасының авторы атанды.

Қорытынды есеп - 1:2.

Айта кетсек, биылғы маусымда 14 матчтың қорытындысы бойынша елордалықтар Шығыс конференциясында 6-шы орынға жайғасса, «Нефтехимик» ең соңғы 14-ші орында келеді.