Қазақстан • 05 Қазан, 2022

Сенаторлар мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың мәселелерін талқылады

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары Цифрлық үкіметті қолдау орталығында жұмыс бабындағы көшпелі кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенаторлар мемлекеттік қызметтерді цифрландырудың мәселелерін талқылады

Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтерді цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелерін талқылау болды.

«Цифрландыру – бәсекеге қабілетті заманауи экономика мен мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі бөлшегі. Бұл саладағы негізгі міндеттер – мемлекеттік қызметтерді көрсетудің барлық процестерін цифрландыру, цифрлық теңсіздікті жою, шалғайдағы елді мекендерді де сапалы интернетпен қамтамасыз ету», деп атап өтті Дәурен Әділбеков.

Кездесуге сонымен қатар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ішкі істер, Экология, Геология және табиғи ресурстар, Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктерінің, сондай-ақ Цифрлық үкіметті қолдау орталығының өкілдері қатысты.