Президент • 05 Қазан, 2022

Президент: Қарағанды - Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысы жұртшылығымен кездесуі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент: Қарағанды - Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер

Жиынды ашқан Президент Қарағанды өңірінің рухани қазынасы мол екенін ерекше атап өтті.

«Қарағанды табиғи байлығымен ғана қазыналы деп аталмағаны анық. Сарыарқаның дәл жүрегінде орналасқан аймақтың рухани қазынасы да орасан зор. Талай тарихи оқиғаның куәсі болған шежірелі аймақтан қазақтың көптеген біртуар тұлғалары шыққан. Қарағанды өңірі – Әлихан Бөкейхан, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков сияқты Алаш арыстары дүниеге келген қасиетті жер», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің индустриялық орталығына айналған өңір бүгінде қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Қарағанды облысы - еліміздің индустриялық орталығы. Өңірде Қазақстанның экономикалық әлеуетін дамытуда маңызды рөл атқаратын көптеген тау-кен-металлургия және көмір өндіру өндірістері бар. Мұнда республика көмірінің үштен бірі және мыстың жартысына жуығы, 85%-дан астамы болат және 100% жалпақ илек өндіріледі. Облыс еліміздің өнеркәсіп секторының локомотиві болып саналады. Бүгінде өңір қарқынды дамып келеді», деді Президент кездесу барысында.