Президент • 05 Қазан, 2022

Мемлекет ірі өндіруші компаниялардың қызметін жіті бақылайды - Президент

127 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қарағанды жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет ірі өндіруші компаниялардың қызметін жіті бақылайды - Президент

«Мемлекет елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін өте жіті бақылайды. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Олардың түрлі әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруын қадағалап отырамыз.

Өндірісті жаңғырту үдерісіне, экологияны қорғау ісіне ерекше назар аударылады. Салық төлемақысы ерекше бақылауда. Егер ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл – ешқандай қорқыту емес, керісінше бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері», деді Қ.Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстанда олигархтық капитализмнің заманы өтіп, ел азаматтарының алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін кезең жетті.

«Азаматтарымызға тиімді әрі әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін, ел экономикасында жетекші орындағы бизнес керек», деп атап өтті Мемлекет басшысы.