Қазақстан • 05 Қазан, 2022

Шетелде қазақстандық паспортқа қатысты шектеулер бар ма?

216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көк паспорт – біздің мемлекеттілігіміздің тірегіне айналған озық қағидаттардың нышаны. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды

Шетелде қазақстандық паспортқа қатысты шектеулер бар ма?

«Бірлік, ынтымақ, толеранттылық, өзара құрмет, жанашырлық және әрқашан бір-бірімізге қол ұшын беруге дайын болу біздің дәстүріміз бен мәдениетіміздің негізінде жатыр. Біздің ұлттық болмысымызды қалыптастыратын бұл бірегей құндылықтарды жасанды идеологиялық құрылымдарға телу оңай емес. Бірақ, менің ойымша, бұған қажеттілік жоқ. Қазақстан Республикасының көк паспорты біздің ұлттық бірегейлігіміздің қарапайым, бірақ басты көрсеткіші болуы керек екеніне сенімдімін. Бұл құжат – біздің мемлекеттілігіміздің тірегіне айналған озық қағидаттардың нышаны. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты іргелі құндылықтарды білдіреді. Соның арқасында біздің еліміз бүкіл әлемге этносаралық және дінаралық толеранттылықтың жарқын үлгісі ретінде танымал болды», деді Мемлекет басшысы.

Оның айуынша, Қазақстан паспорты – әділдіктің және ұлттың болашаққа ұмтылысының символы.

«Біздің көк паспортымызды бүкіл әлем таниды және құрметтейді. Шет мемлекеттердің визаларын беруді қоса алғанда шетелде қазақстандық паспортқа қатысты қандай да бір шектеулер жоқ. Бұл – Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған еліміздің теңгерімді әрі жауапты сыртқы саяси бағдары мен ішкі саясатының тікелей нәтижесі», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.