Президент • 05 Қазан, 2022

Кең байтақ жеріміздің игілігін қарапайым халық көруі керек - Тоқаев

4100 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемде 9 орын алатын ұлан-ғайыр жері бар Қазақстанда жайылым тапшылығы деген – еш қисынға келмейтін нәрсе. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қарағанды жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кең байтақ жеріміздің игілігін қарапайым халық көруі керек - Тоқаев

Президент тапсырмасымен ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштан мониторинг жасалды. Нәтижесінде, Республика бойынша игерілмей бос жатқан 20 миллионнан астам гектар жайылым жер анықталды. Оны мемлекет меншігіне қайтарумен айналысатын арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Қазірдің өзінде 4,2 миллион гектардан астам алқап қайтарылды. Соның ішінде 1,1 миллион гектар жер Қарағанды облысына тиесілі.

«Әлемде 9 орын алатын ұлан-ғайыр жері бар Қазақстанда жайылым тапшылығы деген – еш қисынға келмейтін нәрсе. Осы кең байтақ жеріміздің игілігін латифундистер емес, қарапайым халық көруі керек. Сондықтан, ендігі мәселе – қайтарылған жерді жергілікті шаруаларға әділ бөліп беру қажет. Сонда ғана фермерлердің өз шаруашылығын адал жүргізуге сенімі артады», деді Қ.Тоқаев.