Елорда • 05 Қазан, 2022

Астанада экоакция өтеді

412 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қазан күні сағат 10:00-де елордада «Бірге - таза Қазақстан!» республикалық акциясы аясында «Біз табиғаттағы қоқысқа қарсымыз!» экологиялық акциясы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада экоакция өтеді

Акцияның басты мақсаты - жұртшылықтың, әсіресе жастардың назарын демалыс орындарын қоқыспен ластау проблемасына аудару. Сондай-ақ елордадағы экологиялық жағдайды жақсартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды насихаттау және табиғатпен үйлесімді өмір сүретін қоғамның мәдениетін қалыптастыру.

в

Экологиялық акция аясында елорданың жасыл белдеуінің аумағын, орман екпелерін, азаматтардың жаппай демалатын орындарын қоқыстан тазарту бойынша іс-шаралар өткізіледі. Өскелең ұрпақ үшін түрлі конкурстар мен іс-шаралар да ұйымдастырылады.

Елорданың табиғатқа бей-жай қарамайтын азаматтары экологиялық сенбілікке атсалыса алады.