«5 қазанда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат етіп ұсынуы туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына Дайрабаев Жигули Молдақалықұлының құжаттары ұсынылды», делінген хабарламада.
4 қазанда Мейрам Қажыкен кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде тіркелу үшін ОСК-ға құжаттарын тапсырды.
30 қыркүйекте Жигули Дайрабаев «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.
Жигули Дайрабаев – «Атамекен» ҰКП Төралқасы Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің және Қазақстан фермерлері қауымдастығының төрағасы қызметін атқарады.