21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №319

221 рет
көрсетілді
37 мин
оқу үшін
2014 жылғы 4 сәуір, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасының кеден органдары көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Кедендік тасымалдаушылар тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды қағазсыз кедендік декларациялауды жүзеге асыру (кедендік рәсім – экспорт)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Преференциалдық және преференциалдық емес режимдерді қолдану кезінде тауар шығарылған елді айқындауға қатысты алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) «Тауарларды жіктеу жөнінде алдын ала шешімдер қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 8) «Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген сомалары бар екендігі туралы растау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 9) «Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулерді салыстыру актісін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 10) «Тауарды құрастырылмаған немесе жиналмаған түрде, оның ішінде белгіленген уақыт кезеңі ішінде әртүрлі партиялармен әкелу көзделген жинақталмаған немесе аяқталмаған түрде жіктеу туралы шешімді беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 11) «Тауарларды кедендік тазарту және шығару» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қыркүйектегі № 1169 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 70, 1012-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі №319 қаулысымен бекітілген «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн. Жеткілікті негіздемелер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қарау мерзімін ұзартуға, бірақ 3 (үш) айдан аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен ресімделген авторлық құқық пен сабақтас құқық, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары объектілерiн және тауарларды шығарған жерлердің атауларын зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне енгізу туралы шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша жазбаша нысанда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы немесе көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдіретін өзге тұлға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) еркін нысанда толтырылатын және: көрсетілетін қызметті алушының зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы қолдаухаты; көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер; зияткерлік меншіктің тиісті объектілері туралы, көрсетілетін қызметті алушыға оның құқығын қорғауда кеден органдарының жәрдемі қажет болатын мерзім туралы ақпарат, оның ішінде электрондық нысандағы ақпарат, сондай-ақ Кеден одағы сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бірінші алты таңба деңгейінде тауарлар коды көрсетіле отырып, зияткерлік меншік объектілері бар тауарлардың сипаттамасы, кеден органдарына зияткерлік меншік құқықтары бұзылған тауарын анықтауға мүмкiндiк беретiн көрсетілетін қызметті алушының тауарлар туралы егжей‑тегжейлі мәліметтері; егер тауарлардың зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылмайтыны белгіленген жағдайларда, декларантқа және өзге адамдарға зиянының орнын толтыру, сондай-ақ олар зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауар болып табылады деп болжанған зияткерлік меншік объектісі бар тауарларды шығаруды тоқтата тұруға байланысты туындауы мүмкін кеден органдарының шығындарын өтеу туралы көрсетілетін қызметті алушының міндеттемесі қамтылуға тиіс зияткерлік меншік объектілеріне құқығын қорғау туралы жазбаша өтініш; 2) зияткерлік құқығының бар және тиесілі екенін растайтын (куәлік, және/немесе лицензиялық шарт) түпнұсқалар не нотариат куәландырған көшірмелері; 3) құқық иеленушінің өзінің мүддесін білдіретін тұлғаға берген сенімхаты; 4) көрсетілетін қызметті алушының басқа тұлғаларға келтірген зияны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты. Бұл ретте, сақтандыру сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс; 5) зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасы; 6) зияткерлік меншiк объектiсi бар тауарлардың және зияткерлік меншік құқығы бұзылған тауарлардың үлгілері, оның ішінде олардың электрондық түрдегі бейнелері (мүмкiндiгiнше). 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген мәліметтерді толық емес немесе дұрыс емес ұсынуы; 2) зияткерлік меншік құқығын бұза отырып тауарлардың ерекше белгілерінің сипаттамасын ұсынбауы негіздемелер болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым жазбаша түрде: 1) Министрлік басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша; 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі. Шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жолданады. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. 12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері мен сall-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің: www.e.customs.kz интернет-ресурсында орналасқан, көрсетілетін қызметті берушінің сall-орталығының нөмірі: 1412, мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 88000807777. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі №319 қаулысымен бекітілген «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың барлығын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәтінен бастап – күнтізбелік 90 (тоқсан) күн. Көрсетілетін қызметті алушы өтініште, сауалнамада мәліметтерді толық көрсетпеген не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті және оған қоса берілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, бас тартудың себептерін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұлғаны уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік беру не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайлар және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады. 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: 1) осындай тұлғаның уәкілетті экономикалық операторлар мәртебесін берудің төмендегі шарттарына сәйкестігін растайтын мәліметтері бар, заңды тұлға басшысының қолы қойылған және мөрмен куәландырылған, еркін нысанда жазылған өтініш: осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы. Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Кеден одағы комиссиясының шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету бажы қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады; кемінде екі жыл сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру; кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегінің болмауы; кеден органына өтініш берген күні Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектердің (бересінің) болмауы; кеден органына өтініш берген күні көрсетілетін қызметті алушының, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес өтелмеген соттылығының болу фактілерінің болмауы; көрсетілетін қызметті алушының кеден органына өтініш берген күні бір жыл ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы; кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына ұсынылған мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, мынадай талаптарға сай келетін: кедендік декларацияларды декларациялаудың, бақылаудың және есепке алудың, оның ішінде кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімдермен сәйкес келетін бағдарламалық өнімді міндетті түрде қолдана отырып, автоматтандырылған жүйесі бар; бөгде адамдардың рұқсатсыз қол жеткізуінен құжаттарды сақтау және компьютер жүйесін қорғау мақсатында қауіпсіздік жөніндегі ақпараттық технологиялық шараларды қамтамасыз ететін; тауарлар мен көлік құралдарының іс жүзіндегі санының құжаттар бойынша деректермен сәйкес келмеуін анықтау үшін ішкі бақылау жүйесі бар тауарлардың есебін жүргізу жүйесінің болуы; 2) құрылтай құжаттарының нотариат куәландырған көшірмелері, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік; 3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша толтырылған сауалнама; 4) кедендік төлемдердің, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың бірі. 10. Өтініште, сауалнамада мәліметтерді толық көрсетпеу не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттардың болмауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздеме болып табылады. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда шағым жазбаша түрде: 1) Министрлік басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша; 2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша беріледі. Шағымды қабылдаған тұлғаның аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, шағымның көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымды қабылдауды растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің басшысына жолданады. Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінің ішінде қарауға жатады. 12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар 13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары: 1) Министрліктің: www.minfin.gov.kz интернет-ресурсында; 2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.e.customs.kz интернет-ресурсында орналастырылған. 14. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтері мен сall-орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің: www.e.customs.kz интернет-ресурсында орналасқан, көрсетілетін қызметті берушінің сall-орталығының нөмірі: 1412, мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 1414, 88000807777. «Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша Уәкілетті экономикалық операторлардың тізіліміне енгізу туралы куәлік алуға арналған сауалнама ____________________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) ____________________________________________________________________ (жеке сәйкестендіру нөмірі) ____________________________________________________________________ (заңды мекенжайы) 1-бөлім. Бизнесті ұйымдастыру 1.1-кіші бөлім. Ұйымдастыру сипаттамалары 1.1 Сұрақ Стандарт Жауап 1. Акцияның бақылау пакетін иеленуші құрылтайшылардың, акционерлердің, заңды тұлғаның ірі акция ұстаушыларының (акциялардың үлесі 10%-дан артық) тегін, атын, әкесінің атын (бұдан әрі – Т.А.Ә.), (заңды тұлғаның атауы), жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) және мекенжайын көрсетіңіз? Мәртебесі (бақылау пакетін иеленуші құрылтайшы, акционер; ірі акция ұстаушы (үлесі 10%-дан артық) – Т.А.Ә. (заңды тұлғалар үшін ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы), ЖСН, заңды және почталық мекенжайы 2. Заңды тұлға басшыларының, орынбасарларының (оның ішінде филиалдар мен өкілдіктер басшылары мен орынбасарларының) Т.А.Ә., ЖСН көрсетіңіз? Атқаратын лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН, почталық мекенжайы. 3. Заңды тұлғаның негізгі қызметінің түрін көрсетіңіз? Керегінің астын сызу керек А. тауарлар өндірісі және экспорты В. ішкі нарық үшін тауар өндірісі В. сауда; С. қызметтер көрсету/консультациялар 4. Мыналарды көрсетіңіз: А. заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктерінің саны. В. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, ЖСН, филиалдарының және/немесе өкілдіктерінің орналасқан жері және олардың әрқайсысы атқаратын қызметінің саласын қысқаша сипаттаңыз? А. сандық көрсеткіш В. ұйымдық-құқықтық нысаны (филиал, өкілдік), атауы, ЖСН, заңды мекенжайы, қызмет түрі (өндіріс және (немесе) тауар экспорты, ішкі нарық үшін тауар өндірісі, сауда, қызметтер көрсету/консультация, заңды тұлғаның мүддесін білдіру) А. В. 5. А. Сіз өзіңізбен аффилиирленген кәсіпорындарға тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатуды/сатып алуды жүзеге асырасыз ба? В. Егер солай болса, сізбен аффилиирленген кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанын, атауын, ЖСН, заңды мекенжайын көрсетіңіз? А. Керегінің астын сызу керек В. ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, ЖСН, заңды мекенжайы А. иә/жоқ* В. 1.2-кіші бөлім. Кеден мәселелері жөніндегі заңды тұлғаның ішкі ұйымы 1.2 Сұрақ Стандарт Жауап 1 Заңды тұлғаның штатында неше адам жұмыс істейді? Сандық көрсеткіш 2 Кедендік мәселелерге жауапты заңды тұлға басшысының немесе орынбасарының Т.А.Ә. ЖСН көрсетіңіз? Лауазымы, Т.А.Ә., ЖСН 3 Сізде заңды тұлғаның басшысы немесе орынбасары, кедендік мәселелері боыйнша жауапты тұлғаның жоқ болған жағдайда өзара ауыстырылудың бекітілген регламенті бар ма? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 1.3-кіші бөлім. Сыртқы сауда операцияларының көлемі 1.3 Сұрақ Стандарт Жауап 1 Соңғы екі жылдың әр жылында сіз импорттаған немесе экспорттаған тауарлардың саны мен құнын көрсетіңіз? Жыл, салмағы, құны 2 Әрбір соңғы екі жылдағы сіз төлеген кедендік баждың, акциздік алымның және қосылған құнға салықтың (бұдан әрі – ҚҚС) жалпы сомасы қандай? Жыл, кедендік баждың, акциздік алымның және ҚҚС жалпы сомасы 1.4-кіші бөлім. Кеден мәселелері бойынша ақпарат 1.4 Сұрақ Стандарт Жауап 1. Занды тұлғаның сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру басталған күнді көрсетіңіз? Бірінші кедендік декларацияның тіркелген күні (кк:аа:жж), бірінші кедендік декларацияның нөмірі 2 Сіз сыртқы сауда қызметін жүзеге асыратын шетелдік әріптестердің елдерін атаңыз? Ел, импорт (экспорт) 3 Сіз бұрын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган беретін рұқсат (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім) алдыңыз ба? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 4 Егер солай болса, онда сіз қандай рұқсат (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім) алдыңыз? Рұқсат (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім) түрі, кеден ісі саласындағы уәкілетті органы берген күні, бұйрықтың нөмірі 5 Сіз тарифтік емес реттеу шараларына жататын, демпингке қарсы немесе өтемақылық баждар салынатын тауарларды кеден одағы аумағы шегінен тысқары жерден өткізесіз ба? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 6 Егер солай болса, онда тауардың атауын көрсетіңіз (Кеден одағының бірыңғай кеден тарифіне (бұдан әрі – КО БКТ) сәйкес тауардың кодын көрсете отырып)? Импорт (экспорт), тауар (КО БКТ сәйкес тауардың кодын көрсете отырып), кеден одағының шегінен тысқары ел 7 Сіз кедендік рәсімдер бойынша кедендік құнды түзетуді ресімдедіңіз бе? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 8 Сіз кедендік транзит рәсімін пайдаланасыз ба? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ*   2-бөлім. Нормативтік талаптардың сақталуын есепке алу 2 Сұрақ Стандарт Жауап 1 Соңғы екі жылда кері қайтарылған (тоқтата тұрылған) кеден ісі саласындағы уәкілетті органы заңды тұлғаға ұсынған барлық рұқсаттарды (куәліктерді, тізілімге енгізу туралы шешімдерді) көрсетіңіз? Рұқсаттың түрі (куәлік, тізілімге енгізу туралы шешім), мәртебесі (кері қайтарылды, тоқтата тұрылды немесе), себеп 2 Сізге қатысты соңғы екі жылда кедендік тексеру жүргізілді ме, көрсетіңіз? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 3 Егер солай болса, онда мұндай тексерулердің санын, түрі мен өткізу мерзімін және олардың нәтижелерін көрсетіңіз? Саны, тексеру түрі, өткізу мерзімі, тексеру нәтижелері 4 Заңды тұлғаның басшысы, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлер Қазақстан Республикасы Қылмыс кодексінің 209, 214, 250-баптарына сәйкес, қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма, көрсетіңіз? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 5 Егер солай болса, онда олардың Т.А.Ә. ЖСН, заңды тұлғаның құрамындағы мәртебесін (басшы, құрылтайшы, акциялардың бақылау пакеті бар акционер) және ол тартылған бапты қылмыстық жауапкершілікке тартылған уақытымен көрсетіңіз? Т.А.Ә., ЖСН, мәртебесі (басшы, ұйымдастырушы, акциялардың бақылау пакеті бар болған акционер) - ол тартылған бапты және қылмыстық жауапкершілікке тартылған уақыты 6 Заңды тұлға «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 405, 410, 417, 421, 423, 424, 426-434, 438-баптарына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды ма, көрсетіңіз? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 7 Егер солай болса «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің бабы мен тартылған уақытын көрсетіңіз? «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің бабы, тартылған уақыты   3-бөлім. Заңды тұлғаның логистика және бухгалтерлік есепке алу жүйесі 3.1-кіші бөлім. Логистика және есепке алу жүйесі 3.1 Сұрақ Стандарт жауап 1 Сіз кедендік декларацияларды есепке алу мен бақылаудың, декларациялаудың автоматтандырылған жүйесін пайдаланасыз ба? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 2 Сіздің декларациялаудың, бақылау мен есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық өнімі кеден органдары пайдаланатын бағдарламалық өнімге сәйкес келе ме? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 3 Сізде тауарлар мен көлік құралдарының нақты санына құжаттар бойынша деректердің сәйкессіздіктерін анықтау үшін ішкі бақылау жүйесі бар ма? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 4 Сіздің кәсіпорынында қандай бухгалтерлік және логистикалық бағдарламалық қосымшалар пайдаланылады? Бағдарламаның атауы 5 Сізде бөгде адамдардың рұқсатсыз енуінен құжаттамаларды сақтау және компьютер жүйесін қорғау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша технологиялық шаралар бар ма? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 6 Сіз бөгде адамдардың рұқсатсыз енуінен құжаттамаларды сақтау және компьютер жүйесін қорғау мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қандай ақпараттық, технологиялық шараларды алдын ала қабылдадыңыз? Қабылданған шаралар   3.2-кіші бөлім. Кедендік өкілдерді пайдалану 3.2 Сұрақ Стандарт жауап 1 Сіз кедендік өкілдері көрсететін қызметтерді пайдаланасыз ба? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 2 Егер солай болса, онда сіз көрсетілетін қызметтерді пайдаланған кедеңдік өкілдердің атауын, ЖСН көрсетіңіз? Атауы, ұйымдық- құқықтық нысаны, ЖСН   4-бөлім. Тауарларды уақытша сақтау орындары туралы ақпарат 4.1-кіші бөлім. Тауарлар мен көліктерді уақытша сақтау орындары туралы ақпарат 4.1 Сұрақ Стандарт жауап 1 Сізде тауарларды сақтау үшін жайлар, ашық алаңдар және өзге аумақтар бар ма? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 2 Егер солай болса, онда алаң қандай құқықта сізге тиесілі екенін (жеке меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жайды және (немесе) ашық алаңдарды жалға алу шарты) және қайда орналасқанын көрсетіңіз? Уақытша сақтау орны, қандай құқықта сізге тиесілі (жеке меншікте, шаруашылық жүргізуде, жедел басқаруда немесе жайды және (немесе) ашық аландарды жалға алу шарты), алаң, орналасқан жерінің дәл мекенжайы 3 4.1.2-тармағында көрсетілген жерлерде қажетті тиеу-түсіру және арнайы техника, сондай-ақ орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес сертификатталған таразы жабдығы (газды арнайы қоймаға орналастырған жағдайда – тиісті есепке алу құралы) бар ма? Уақытша сақтау орны, бар екендігі туралы ақпарат 4 4.1.2-тармағында көрсетілген орындардың, жалғасып жатқан тиеу-түсіру алаңдарын қоса алғанда, бетон немесе альфальт жабындысы бар ма, көрсетіңіз? Керегінің астын сызу керек Иә/жоқ* 5 4.1.2-тармағында көрсетілген орындардың техникалық өңделген кіру жолдары, сондай-ақ тауарларды тексеріп қарау үшін орындары, электр жарығымен жарақтандырылған жабылған алаңдары бар ма? Уақытша сақтау орны, бар екендігі туралы ақпарат 6 4.1.2-тармағында көрсетілген орындардың аумағы, жалғасып жатқан тиеу-түсіру алаңдарды (бір немесе бірнеше қойма жайлары мен алаңдар) қоса алғанда, бірыңғай және бөлінбес кешен болып табыла ма? Уақытша сақтау орны, бөлінбейтіндігі туралы ақпарат 7 4.1.2-тармағында көрсетілген орындар бір почта мекенжайы бойынша орналасқан ба және олардың бүкіл периметрі бойынша үздіксіз қоршаулары бар ма? Уақытша сақтау орны, почта мекенжайы туралы ақпарат, үздіксіз қоршауы бар екендігі туралы ақпарат 8 Сіз қызметіңізде әдетте көліктің қай түрін пайдаланасыз? Көлік түрі (автомобиль, темір жол, әуе жолы)   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі №319 қаулысымен бекітілген «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы; 2) «электрондық үкіметтің»: www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға тапсырған сәтінен бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күн; 2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшының (оны алмастыратын тұлғаның) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы бұйрығымен ресімделген шешім не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі қағаз нысанында ресімделеді және көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда почта арқылы жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы өтініш берген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат түрінде жіберіледі. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйеге енгізеді. 7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады; 2) порталдың - тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы өтініш, ол еркін нысанда толтырылады және онда: кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қолдаухаты; көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банк шоттары туралы мәлімет, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күніне кеден өкілі ретінде өзінің қызметін жүзеге асыруды жоспарлайтын оның негізделген құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және орналасқан жері; өтініш берілген күні көрсетілетін қызметті алушының штатында кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың болуы туралы мәлімет; кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет; көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет қамтылуға тиіс; 2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта кіркеу) туралы анықтама немесе куәлік; 3) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 4) көрсетілетін қызметті алушының жұмысшысы болып табылатын кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттарының көшірмелері; 5) кедендік декларациялау жөніндегі мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар не олармен жасалған еңбек шарттары; 6) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттар; 7) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулар; 8) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шарты; порталға: 1) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат түріндегі өтініш, онда: кеден өкілдерінің тізіліміне енгізу туралы көрсетілетін қызметті берушінің қолдаухаты; көрсетілетін қызметті алушының атауы, орналасқан жері туралы, ашылған банк шоттары туралы мәлімет, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өтініш берген күні кеден өкілі ретінде өзінің қызметін жүзеге асыруды жоспарлайтын оның негізделген құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі және орналасқан жері; өтініш берілген күніне көрсетілетін қызметті алушының штатында кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың болуы туралы мәлімет; кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету туралы мәлімет; көрсетілетін қызметті алушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шарты (шарттары) туралы мәлімет қамтылуға тиіс; 2) банктерден оларда ашылған шоттары туралы растаулардың сканерленген көшірмелері; 3) азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру шартының сканерленген көшірмесі; 4) кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын құжаттардың сканерленген көшірмесі; 5) кедендік декларациялау жөніндегі мамандардың біліктілік аттестаттарының сканерленген көшірмесі; 6) кедендік декларациялау жөніндегі мамандарды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың сканерленген көшірмесі не олармен жасалған еңбек шарттары. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға жүгінген жағдайда, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжатта және құрылтай құжаттарында қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйеден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, оларды ұсыну талап етілмейді. 10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздемелер болып табылады: 1) көрсетілетін қызметті алушының мынадай талаптарға сәйкес келмеуі: осы тұлғаның штатында біліктілік аттест