Видео • 05 Қазан, 2022

Президент Рамазан Тоқтаров туралы естелігімен бөлісті

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар қаласында орналасқан Абай атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның оқушыларына жазушы Рамазан Тоқтаров туралы естелігін айтып берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Рамазан Тоқтаров туралы естелігімен бөлісті

«Рамазан Тоқтаровтың біздің халқымызға өте танымал, көрнекті жазушы екені күмәнсіз. Рамазан Тоқтаровты мен білуші едім. Өйткені, марқұм әкем кезінде Жазушылар одағында онымен бірге, бір кабинетте отырды. Рамазан Тоқтаров біздің үйімізге келіп, әкеммен бірге отырып дәмдес болған. Екеуі жақсы араласты, бірге жүрді. Сондықтан Рамазан Тоқтаровтың шығармашылығын мен жақсы білемін», деді Президент.

Сондай-ақ ол жазушының шығармашылығы туралы пікірімен де бөлісті.

«Абайдың жұмбағы» деген романы ол кісінің еңбектерінің шыңы деп айтуға болады. Рамазан Тоқтаровтың жазу стилі өте күрделі емес, бірақ бірегей деп айтуға болады, өте ерекше. Сондықтан Рамазан Тоқтаров – өте танымал, аса құрметті жазушы. Біз бәріміз оны мақтан тұтамыз», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.