Спорт • 05 Қазан, 2022

Әйелдер құрамасы – әлем чемпионы

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Самарқанд қаласында Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша өткен әлем чемпионаты аясында еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің әйелдер құрамасы жауынгерлік қанат жаюда әлем чемпионы атанды.

Әйелдер құрамасы – әлем чемпионы

Әйелдер командалары ара­сындағы жарыс Қазақстан Рес­­публикасының құрама ко­мандасының жеңісімен аяқ­талды. Нәтижесі 27,16 секунд­ты құрады. Бұл туралы ве­домствоның баспасөз қызметі хабарлады. Жауынгерлік қа­нат жаюдағы біріншілікте бар­лығы 4 команда сынға түс­кен. Өрт сөндіру-құтқару спор­тының бұл командалық түрі өрт сөн­діруге келген кез­дегі өрт сөн­дірушілердің іс-әре­кеттерін қай­талайды. Бұл кезеңнің мәні – магистральдық жеңқұбыр желісін тез әрі дұрыс төсеу және нысанды су ағынымен «за­қымдау». Яғни нысана ор­тасындағы тесік арқылы сыйым­дылықты 10 литр сумен тол­тыр­ғаннан кейін зақымданған бо­лып саналады.

Жарыс нәтижесі бойынша 2-орынды Ресей Феде­рация­сы­ның командасы, 3-орынды Беларусь және Өзбекстан құрама командалары иеленді. Еске сала кетейік, 1 қазанда Өзбекстанның Самарқанд қа­ласында өрт-сөн­діру құтқару спортынан ерлер арасында XVII және әйелдер арасын­да VІII әлем чем­пионаты бас­тал­ған болатын.

Өрт-қолданбалы спорт – өрт сөндірушілер жеке құрамының жауынгерлік даярлығының құ­рамдас бөліктерінің бірі. Бұл  – өрт сөндірушілердің дағды­ларын жетілдіруге бағыттал­ған. Олардың төтенше жағдай­ларда әрекет ету қабілеті және тұ­тас­тай алғанда қызметкерлердің физи­калық дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар спортшы­лар жылдам, икемді, төзім­ді және күшті болулары керек. Бұл дағдыларды Қазақ­стан құ­ра­масының жетік меңгер­ген­­дігі әлемдік деңгейдегі жар­­­қын жеңістерінен айқын кө­­­рі­ніп тұр.