21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №341

261 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін
2014 жылғы 10 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 6-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидалары бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 15, 270-құжат); 2) «Зейнетақы төлемдерін алушыларға жинақтаушы зейнетақы қорларындағы міндетті зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы жөніндегі мемлекеттің кепілдіктерін алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып орындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 125 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 955 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 53, 747-құжат). 3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі .№314 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 6-3) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді. Қағидалар инфляцияның деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген сомасы мен алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырманы төлеу жолымен зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі (бұдан әрі – айырма төлемі) – инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма ретінде айқындалған, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен төленетін біржолғы төлем; 2) айырма төлемін алушы (бұдан әрі – алушы) – бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте айырма төлемі тағайындалатын жеке тұлға; 3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі – БЖЗҚ) – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға; 4) Орталықтың бөлімшесі – Орталықтың қалалық, аудандық бөлімшелері; 5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық органдары; 6) уәкілетті ұйым (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын; 7) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі. 3. БЖЗҚ-дан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті (бұдан әрі – құқыққа ие болу сәті): 1) Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 11-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен күні; 2) Заңның 31-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – мерзімсіз бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік белгіленген күні; 3) Заңның 31-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Заңның 65-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдері тағайындалған күні; 4) Заңның 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасында және 32-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайлар туындаған кезде – Қазақстан Республикасынан тыс жерге кету ниетін немесе фактісін растайтын құжатты ресімдеу күні басталады. 4. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері құқыққа ие болу сәтін белгілеу үшін зейнетақы жинақтары және оларды алған күні туралы ақпарат алу үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша БЖЗҚ-ға жүгінеді. 5. Құқыққа ие болу сәті зейнетақы жинақтарын алғаш рет алған күнге белгіленеді. Зейнетақы жинақтарын алған және кейін міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын БЖЗҚ-ға қайта аударған жағдайда, зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәті зейнетақы жинақтарын бастапқы алған күнге белгіленеді. 2. Айырма төлемін тағайындауға өтініш беру тәртібі 6. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам айырма төлемін тағайындау үшін тұрғылықты жеріндегі Орталықтың бөлімшесіне осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді. 7. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) жеке басын куәландыратын құжаттың (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетел азаматының тұруға ықтиярхаты) көшірмесі және салыстырып тексеру үшін түпнұсқасы; 2) 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы төлемдері тағайындалған әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілетін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпарат; 3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы) көшірмесі; 4) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. Егер айырма төлеміне Орталықтан зейнетақы және өзге де төлемдерді алушы жүгінсе, өтінішке осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттар қоса берілмейді. Аталған адамның өтініші Орталықтан төленетін зейнетақы және өзге де төлемдер бойынша істер макетіне қосылады. 8. Айырма төлемін алуға құқығы бар және Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын алушы болып табылатын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өтінішіне мынадай құжаттар қоса беріледі: 1) алушы өзі жүгінген кезде: Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты туралы белгі қойылған шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің көшірмесі және салыстырып тексеру үшін олардың түпнұсқалары; бар болса, көші-қон карточкасының көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы; шот ашылған жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН) көрсете отырып, алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер; 2) почта байланысы құралдары немесе сенім білдірілген өкіл арқылы берген кезде: Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсаты туралы белгі қойылған шетелдік паспорттың не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің заңдастырылған көшірмесі; шот ашылған ЖСН-ді көрсете отырып, алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. Айырма төлемі туралы өтінішті почта байланысы құралдары арқылы берген кезде алушының жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмелерінің дұрыстығы, сондай-ақ оның қолының түпнұсқалығын нотариат куәландырады. Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрған жағдайда, құжаттардың көшірмелерін нотариаттық куәландыру тұратын мемлекетінде жүргізіледі. 9. Алушының атынан айырма төлемін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде сенім білдірілген өкіл осы Қағидалардың 7, 8-тармақтарында көзделген құжаттардан басқа: 1) сенім білдірілген өкілдің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын; 2) сенімхаттың түпнұсқасын немесе оның нотариат куәландырған көшірмесін (егер сенімхатта сенім білдірушінің бір мезгілде бірнеше ұйымдардағы мүддесін білдіруі жөніндегі өкілеттіктер қамтылатын болса) ұсынады. Сенім білдірілген өкілдің алушыға айырма төлемін тағайындау туралы өтініш беруі оның өзі келген кезде жүзеге асырылады. 10. Айырма төлемін алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, айырма төлемінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұрагеріне жүзеге асырылады. Бұл ретте мұрагерлер мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; 2) мұрагердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасы; 3) айырма төлемін алуға құқығы бар адамның қайтыс болғаны туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі; 4) мұраға құқық туралы куәліктің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не мұраға берілетін мүлікті бөлу туралы келісімнің түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі, заңды күшіне енген сот шешімі; 5) алушының екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі туралы мәліметтер. 11. Сот шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған және қамқоршылыққа немесе қорғаншылыққа мұқтаж адамдарға айырма төлемін тағайындау үшін олардың қамқоршылары немесе қорғаншылары; 1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті; 2) қамқоршының немесе қорғаншының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын; 3) қамқоршылықтың немесе қорғаншылықтың белгіленгенін растайтын құжаттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін оның түпнұсқасын; 4) осы Қағидалардың 7, 8-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынады. 3. Айырма төлемін жүзеге асыру тәртібі 12. Орталық айырманы төлеу туралы өтінішті қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсыну туралы хабарлама жібереді. 13. БЖЗҚ хабарлама келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу күніне алушының жеке зейнетақы шотының болуы және жеке зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді ЭЦҚ қоя отырып, Орталыққа электрондық форматта ұсынады. 14. Орталық БЖЗҚ-дан мәліметтерді алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді тиісті кезеңге арналған инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексеруді жүргізеді. 15. Егер зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәтте БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы: инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан артық немесе оған тең болған жағдайда – айырма төлеу жүзеге асырылмайды және уәкілетті орган айырма төлемін тағайындаудан бас тарту туралы шешім шығарады; инфляция деңгейі ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасынан төмен болған жағдайда – Орталық бір жұмыс күні ішінде айырма төлемі сомасының есебін мына формула бойынша жүргізеді: Sn = Sn-1 *In +Pn, S1= P 1, мұнда n – есепті ай; S n – n айындағы инфляция деңгейін ескере отырып, алушының (алушылардың) нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы, теңгеде; I n – өткен айға қатысты n айындағы инфляция көрсеткіші, пайызда; Pn – n айындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының түсуі, теңгеде. Бұл ретте, жалпы ел бойынша тиісті кезеңге инфляция деңгейі Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылған деректеріне сәйкес алынады. 16. Орталықтың бөлімшесі айырма төлемінің сомасын есептеуді жүзеге асырғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпаратты, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алушының электрондық (қағаздағы) іс макетін, сондай-ақ осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша айырма төлемін тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) шешімнің жобасын қалыптастырады және оларды уәкілетті органға жібереді. 17. Уәкілетті орган түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде шешім жобасы бар алушының электрондық (қағаздағы) іс макетін қарайды, айырма төлемін тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және оларды Орталықтың бөлімшесіне жібереді. 18. Айырма төлемін тағайындаудан бас тартқан жағдайда, Орталықтың бөлімшесі алушының электрондық (қағаздағы) іс макетін алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге айырма төлемін тағайындаудан бас тартылғаны туралы хабарлайды және бас тарту себептерін көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды өтініш берушіге қайтарады. 19. Айырма төлемін тағайындау туралы алынған шешімдердің, сондай-ақ төлем кестесінің негізінде Орталық ай сайын айырма төлеміне бюджет қаражаты қажеттілігін қалыптастырады және төлеу айының алдындағы айдың 25-күніне Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) ұсынады. 20. Министрлік тиісті кезеңге төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары шегінде айырманы төлеу үшін қажетті бюджет қаражаты туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жібереді. 21. Министрлік айырманы төлеуге бюджет қаражатының қажеттілігіне сәйкес төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында есептік кезеңге көзделген сома шегінде Орталыққа бюджет қаражаттарын аударуды жүзеге асырады. 22. Орталық бюджет қаражатын алып, төлем кестесіне сәйкес 030 төлем тағайындау кодымен төлем тапсырмаларын қалыптастырады және айырма төлемінің сомаларын алушының Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған шотына аударады. Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларына 1-қосымша Нысан Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған күнге жеке зейнетақы шотының болуы және міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтер Өтінім № Салым-шының Т.А.Ә Салым-шының туған күні Салым-шының ЖСН Бірінші рет алған күні Бірінші рет алған кездегі зейнетақы жинақтарының сомасы Бірінші рет алудың себебі 1 2 3 4 5 6 7 М.О. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры департаментінің директоры ___________________ ______________ (Т.А.Ә) (қолы) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының маманы ___________________ _______________ (Т.А.Ә) (қолы) Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларына 2-қосымша Нысан Ауданның коды__________________ Қазақстан Республикасы ___________________________ облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаменті Өтініш Туған күні 19__ж. «___»______________,____________________________ мекенжайында тұратын, банктегі шотының № ___________ Банк филиалының №__________________ Байланыс бөлімшесінің №__________________ азамат (ша) ____________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық) Менің ЖСН ___________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері: №_____________________________ Кім берді_________________ Берілген күні__________________________ Маған инфляция деңгейін ескере отырып, _______________________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындауды сұраймын. Орталық бөлімшесіне ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы үшін жауапты боламын. Орталыққа бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жеке зейнетақы шотының болуы және _________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) есебінен зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәліметтерді сұратуды өтінемін. Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, _______________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін тағайындау үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісім беремін. Берілген күні_____________ Өтініш берушінің қолы ________________ Азамат (ша) ___________________________________________ өтініші 20___ж. «___» №____________ қабылданды, құжатты қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_____________ Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі: Р/с № Құжаттың атауы Құжаттағы парақтар саны Ескертпе ------------------------------------------------------------------------------------------------------- (қию сызығы) Азамат (ша) ___________________ өтініші № __________ болып тіркелді. Құжаттарды қабылдаған күн _____________________ Құжаттарды қабылдаған адамның Т.А.Ә., лауазымы және қолы:_______ Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларына 3-қосымша Нысан Инфляция деңгейін ескере отырып, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомалары туралы ақпарат* Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________ туған күні (кк.аа.жжжж.) __________________________ ЖСН __________________________________ Келіп түскен зейнетақы жарналарының атауы, оның ішінде: Келіп түскен зейнетақы жарналарының сомасы Келіп түскен зейнетақы жарналарының саны Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген зейнетақы жарналарының сомасы міндетті зейнетақы жарналары бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша * керегін толтыру М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________________ ________ (Т.А.Ә) (қолы) ЗТМО бөлімшесінің маманы ______________________ ________ (Т.А.Ә) (қолы) Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларына 4-қосымша Нысан Инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі Инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемін алушының ісі (қажеттінің астын сызу) №_____________ Қазақстан Республикасы Облыс Қала (аудан) Телефоны Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса) Жеке зейнетақы шоты Банк филиалы Банк шоты Зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуы бойынша алушының зейнетақы төлемдеріне құқықты иеленуі кезіндегі инфляцияның деңгейін ескере отырып, мемлекет кепілдіктерін орындау қағидаларына 5-қосымша Нысан ______________ облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің 20___ жылғы «__» ______________ №______ шешімі Іс №____________ Зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейін ескере отырып, _______________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен міндетті зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасын тағайындау туралы (тағайындаудан бас тарту туралы) Азамат (ша) ___________________________________________________ Жынысы ________ Туған күні 19___ж. «__» ____________ Өтініш берген күні 20___ж.«__» ___________ №_________ Инфляция деңгейін ескере отырып: міндетті зейнетақы жарналарының сомасы ___________________ теңге; (сомасы жазбаша) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы ____________ теңге (сомасы жазбаша) (керегін толтыру қажет). 2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақы жинақтарының сомасы (керегін толтыру қажет): міндетті зейнетақы жарналары бойынша __________________ теңгені; (сомасы жазбаша) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша ______________ теңгені (сомасы жазбаша) құрайды. 3. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1-тармағына сәйкес инфляция деңгейін ескере отырып, ___________________________________________________________________ (міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының (жарналар түрін көрсету қажет) сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемінің сомасы: __________________________________ теңге мөлшерінде тағайындалсын. (сомасы жазбаша) 4. Айырма төлемінің сомасын тағайындаудан бас тартылсын __________________________________________________________________ (негіздеме) М.О. Департамент директоры _________________________ ________ (Т.А. Ә) (қолы) Басқарма (бөлім) басшысы _________________________ _________ (Т.А. Ә) (қолы) Тағайындау жөніндегі маман _________________________ _________ (Т.А. Ә) (қолы) Шешім жобасы дайындалды: М.О. ЗТМО бөлімшесінің бастығы _____________________ ________ (Т.А. Ә) (қолы) ЗТМО бөлімшесінің маманы _____________________ ________ (Т.А. Ә) (қолы)