21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №342

212 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2014 жылғы 11 сәуір,  Астана, Үкімет Үйі «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №1061 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №1061 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 305-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесінде: 2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;»; 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемдері, нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштері бар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауын;»; мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын: «2-2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен жергілікті бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, жоспарлы үшжылдық кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындайды. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады.»; 3-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерді әзірлеу»; 10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «10. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі.»; 11-тармақ алынып тасталсын; 12-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»; 13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге тиіс.»; 17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы жергілікті бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып: 1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан; 2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»; 17-1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын; 17-1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Қайтарылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына жолдайды.»; 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «20. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»; 24-тармақта: екінші бөлікте: 2) тармақша алынып тасталсын; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;»; 6-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «6. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерін әзірлеу»; 32-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «32. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»; 33-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және қабылданған мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді орындауға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады.»; 38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «38. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылында бюджеттің атқарылуын талдаудың және бюджет қаражатын басқару жөніндегі мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып: 1) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан; 2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.»; 38-1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «3) мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша бюджет заңнамасына сәйкес құжаттаманың болуы, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды іске асырудан экономикалық және әлеуметтік қайтарымдылықтың ұзақ мерзімді көрсеткіштерін ескере отырып, мониторингілеу мен бағалау нәтижелері ескеріледі;»; 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «39. Қайтарылған жағдайда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді пысықтайды және оларды қайтарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау қорытындысы бойынша келіп түскен күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бюджеттік өтінімдер және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырады және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының қарауына жібереді.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде пысықталған бюджеттік өтінімдерді, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады.»; 45-тармақгың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын;». 2. Осы қаулының 1-тармағының 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он сегізінші, он тоғызыншы, жиырма төртінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К.МӘСІМОВ.