21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №345

175 рет
көрсетілді
20 мин
оқу үшін
2014 жылғы 11 сәуір,   Астана, Үкімет Үйі «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы №1237 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., №47, 586-қужат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі туралы ережеде: 16-тармақ мынадай мазмұндағы 164-1), 164-2), 164-3) және 164-4) тармақшалармен толықтырылсын: «164-1) аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурс өткізу қағидаларын және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді; 164-2) сәйкестікті бағалау саласында аккредиттеуге арналған өтінімнің, мәлімделетін аккредиттеу саласының, сынақ, салыстырып тексеру, калибрлеу зертханаларына (орталықтарына), өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған паспорттардың, сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстарды орындайтын персонал туралы мәліметтердің нысандарын бекітеді; 164-3) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу алдындағы және аккредиттеуден кейінгі үлгілік шарттарды бекітеді; 164-4) өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу тәртібін айқындайды және бекітеді;»; 17-тармақта: 73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «73) инвестициялық преференцияларды ұсынуға арналған өтінімдерді қабылдайды, тіркейді және қарастырады;»; мынадай мазмұндағы 81-1) тармақшамен толықтырылсын: «81-1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды таңдау бойынша конкурстарды ұйымдастырады және өткізеді;»; 85) тармақша алынып тасталсын; 18-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: «3-1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша мәртебесінен айыру туралы ұсыныммен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді;». 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2014 жылғы 11 сәуір №346 Астана, Үкімет Үйі «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы № 1647 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 22 қазандағы №1647 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 44, 423-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеде: 3-тармақта: төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «тауардағы жергілікті қамту үлесі – пайдаланылатын жергілікті материалдар құны мен тауарларды өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын тауарды қайта өңдеуге жұмсаған шығындарының тауардың түпкілікті құнындағы пайыздық құрамы;»; жиырма үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «сериялы өндіріс тауары – шығарылуы ұзақ уақыт бойы жеке топтамалармен қайталанатын тауар;»; 36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдері: 1) осы Ереженің 7-тармағының 1) тармақшасында белгіленген өлшем; 2) осы Ережеге 9-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау; 3) тауардың бағасындағы жергілікті қамту үлесі «франко-зауыт» бағасы шарттарымен дайын тауар құнынан кемінде 30 пайызды құраған кезде тауар құнының өзгеруі болып табылады.»; 37-тармақ мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын: «Осы Ереженің 36-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерiне сәйкес келмеген жағдайда, осы Ереженің 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде қайта өңдеу өлшемдерi қолданылады.»; 41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «41. Ішкі айналымға арналған тауардың шығарылған елін айқындау ерекшеліктері осы Ереженің 12-тармағының талаптары ескеріліп көзделеді. Толығымен Қазақстан Республикасында өндірілген тауарлардың жергілікті қамту үлесі жүз пайызды құрайды. Осы тауардан бөлінбейтін буып-түюдің жергілікті қамту үлесін есептеу жүргізілмейді.»; 44-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) өндіріс орналасқан жерге барып, тауарды сыртқы белгілері, таңбалануы бойынша сәйкестендіруді (атауы, үлгісі, қаптамасы, сыныбы, дайындаушы-кәсіпорын);»; 45-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемін айқындауға арналған құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмелері (тауар өндірісінде пайдаланылатын шикізат пен құрауыштардың құны, шикізатты жеткізуге арналған шарттар және/немесе шот-фактуралар және/немесе жүкқұжаттар, тауар өндіруге негіз болған нормативтік техникалық құжаттардың тізбесі қоса берілетін технологиялық құжаттама, тауар өндірілетін технологиялық құжаттар, шетелде шығарылған шикізат немесе құрауыштардың құнын ескере отырып, тауардың өзіндік құнының есептемесі);»; 45-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын; 47-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «47-1. Сериялы өндіріс тауарының шығу тегіне сараптама жүргізген кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының жылдық көлемі көрсетіледі. Тауардың сериялы өндірісін үш жылдан астам жүргізіп жатқан кәсіпорындар үшін және осы Ереженің 45-тармағында көрсетілген тауарды өндіру технологиясының, шикізатты (материалдарды) жеткізуші елдің, сондай-ақ кейінгі үш жылда шикізат пен құрауыштар құнының өзгермегенін дәлелдейтін құжаттарды ұсынған кезде сериялы өндіріс тауарының шығу тегі туралы сараптама актісінің қолданылу мерзімі үш жылды құрайды. Бұл ретте тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінде 10-бағанда сериялы өндіріс тауарының үш жылдық көлемі көрсетіледі. Тауарды өндіру технологиясы, шикізатты (материалдарды) жеткізуші ел, сондай-ақ шикізат пен құрауыштардың құны өзгерген жағдайда, тауардың шығу тегі туралы жаңа сараптама актісін және ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты алу мақсатында Өтініш беруші бес жұмыс күні ішінде Сараптамалық ұйымға мұндай өзгерістер туралы хабарлайды.»; 59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «59. «СТ-KZ» нысанындағы тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі тауардың шығу тегі туралы сараптама актісінің мерзіміне байланысты берілген күнінен бастап он екі немесе отыз алты айды құрайды.»; 60-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) 5-баған – «Қызметтік белгілер үшін». Мемлекеттік бақылау органдарының қызметтік белгілері, сондай-ақ мынадай жазулар енгізіледі: «Телнұсқа», «Сертификат орнына берілді», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап он екі айды құрайды.», «Сериялық өндіріске берілді. Тауардың шығу тегі туралы сертификаттың қолданылу мерзімі берілген күнінен бастап отыз үш айды құрайды». Тауарды алушы болған жағдайда тауарды алушы мен тауарды өндіруші арасындағы тауарды сатып алуға жасалған шарт көрсетіледі. Сертификат қайта ресімделген жағдайда, оны қайта ресімдеуге негіз болған сертификаттардың барлық нөмірлері көрсетіледі.»; 60-тармақтың 9) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Д – түпкілікті өнімнің сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасындағы кодының (тауарлық позициясының) алғашқы төрт санын көрсете отырып, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеуге түскен тауар. Бағанды толтырған кезде тауардағы жергілікті қамтудың пайызға шаққандағы үлесі көрсетіледі. Тауарды өндірудегі жергілікті қамтудың үлесін есептеу осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес формула бойынша жүргізіледі.»; көрсетілген Ережеге 9-қосымшада: мына: « 1602 Еттен, қосымша ет өнiмдерiнен жасалған дайын немесе консервiленген өнiмдер немесе басқа да қандар Мүшелеу, бұзу, бөлшектеу, кесу, араластыру, оның iшiнде үй құсының етiн механикалық бұзу, еттi хош иісті ащы дәмдермен (дәмдеуіштер) және/немесе өсiмдiк ақуыздарымен және/немесе тұзбен, тұздықпен пiспектеу әдiсi бойынша операцияларды сүйегінен ажыратылмаған етті бөлшектеп мүшелеу операцияларын, сондай-ақ үй құсының етiн механикалық бұзу бойынша дайындау жөніндегі операцияларды қоспағанда технологиялық операцияларды орындау кезiнде 02-топтың материалдарынан дайындау » деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « 1701 Қатты күйдегі құрақ қанты немесе қызылша қанты немесе химиялық таза сахароза Клерлеу (құрақ қанты үшiн), сатурация, сульфитация, сүзу жөніндегі және кейінгі (құрақ қанты және қызылша қанты үшiн) технологиялық операцияларды орындау шарттарымен кез келген позициядағы материалдарды дайындау »; мына: « 4015 Киiм және түрлi мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизацияланған резеңкеден жасалған киiмдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкiлердi қоса алғанда) арналған керек-жарақтар Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының пайдаланылатын материалдар құны мыналардан: - тауардың осы түрiн дайындаған күннен бастап бiрiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан; - екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан; - үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан; - тауардың осы түрiн дайындаудың төртiншi жылынан бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Мынадай операцияларды орындау жағдайында: - орамаларды дайындау; - екі-екіден жекелеген орамаға қаптау; - зарарсыздандыру; - зарарсыздығын тексеру » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 4015 Киiм және түрлi мақсаттарға арналған қатты резеңкеден басқа, вулканизация-ланған резеңкеден жасалған киiмдерге (қолғаптарды, биялайларды және митенкiлердi қоса алғанда) арналған керек-жарақтар Кез келген позицияның материалдарынан дайындау. Алайда, 4015 позициясының пайдаланылатын материалдар құны мыналардан: - тауардың осы түрiн дайындаған күннен бастап бiрiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан; - екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 70 %-ынан; - үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 60 %-ынан; - тауардың осы түрiн дайындаудың төртiншi жылынан бастап түпкiлiктi өнiм бағасының 50 %-ынан аспауы тиiс. Зарарсыздандырылған биялайлар үшін мынадай операцияларды орындау жағдайында: - орамаларды дайындау; - екі-екіден жекелеген орамаға қаптау; - зарарсыздандыру; - зарарсыздығын тексеру. Зарарсыздандырылмаған биялайлар үшін мынадай операцияларды орындаған жағдайда: - хлоринация немесе полимерлеу; - орамаларды дайындау; - 25-50 жұптан топты орамаға қаптау (полиэтиленді қосымша бет, картонды қорап/бокс) »; мына: « 5603 5603 позициясының тоқылмаған матери алдан жасалған медициналық Кіріс бақылауы, төсем, пішу, тігу (қажетіне қарай), зарарсыздандыру, буып-түю, шығыс бақылауы бір реттік зарар-сыздандырылған киімдердің жиынтықтары және бірлі-жарым бұйымдары » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 5603-тен 5603 позициясының тоқылмаған материалдан жасалған медициналық бір реттік зарарсыздандырылған киімдердің жиынтықтары және бірлі-жарым бұйымдары Кіріс бақылауы, төсем, пішу, тігу (қажетіне қарай), зарарсыздандыру, буып-түю, шығыс бақылауы »; мына: « 6401-6405 Су өткізбейтін ұлтаны бар және үсті резеңке немесе пластмасса болған, үсті ұлтанмен бекітілмеген, және онымен не жіппен, не сүмбімен, не шегелікпен, не бұрандамен, не тойтарма шегемен не басқа ұқсас әдіспен байланыспаған су өткізбейтін аяқ киім – өзге де аяқ киім Мынадай: қонышының бөлшектерi пiшу, қонышы мен ұлтан бөлшектерiн кескiндеу, қоныш дайындамасын жинақтау, аяқ киiмдi тiгу технологиялық операцияларды орындау шарттары кезiнде кез келген позицияның материалдарынан дайындау » деген жол алынып тасталсын; мына: « 7311 009 90 0 Өзге де қара металдардан жасалған сыйымдылығы 1000 литр немесе одан астам сығылған немесе сұйытылған газға арналған сыйымдылықтар Олардың жасалуы, барлық қолданылатын материалдар құнының соңғы өнімінің 80 % - нан аспауы қажет, онымен қоса технологиялық операцияларды орындау шарты бойынша: - алдын-ала дайындаулар; - бөлшектердің механикалық өңделуі; - жинақтық – балқытып біріктіру операциялары; - бар әдістемелік тапсырмаларға сынақ жүргізумен байланысты және құрылыстық құжаттамаларға салынған техникалық параметрлерді бақылауларды жалпы құрастыру » деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « 7312 Ширатылған сым, арқандар. Арқандар, өрiлген баулар, ілмектер және электр оқшаулағышсыз қара металдардан жасалған ұқсас бұйымдар Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Алайда сол позицияда пайдаланылатын материалдардың құны, сол сияқты даяр өнiмнің құны түпкiлікті өнiм бағасының 15%-ынан аспауы тиіс »; мына: « 84-топ Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407; 8408 90 850 0-сынан басқа 8408, 8408 90 850 0, 8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9-сынан басқа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466,8469-8472, 8480, 8484, 8485 Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 84-топ Ядролық реакторлар, қазандықтар, жабдық пен механикалық құрылғылар, олардың бөлшектері мынадай позицияларға жататын, олар үшін қолданылатын ережелер төменде жазылған өнімдерден басқа: 8403, 8404, 8406, 8407, 8408 90 850 0 басқа 8408, 8408 90 850 0,8412, 8414, 8415, 8418, 8419 40 000, 8419 50 000, 8419 89, 8419 90, 8421, 8425-8430, 8432 30; 8433 51 000 9, 8433 59 850 9, 8433 59 110 9 басқа 8433, 8444-8447, 8448, 8450, 8452, 8456-8466, 8469-8472, 8471, 8474 32 000, 8480, 8484, 8485 Дайындау, ол кезде пайдаланылатын барлық материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар тек қана түпкілікті өнім бағасының 5 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады »; мына: « 8414 Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары және желдеткіштері; желдеткішпен, сүзгілермен немесе сүзгілерсіз желдеткіш немесе рециркулярлық сорып шығару қақпақтары немесе шкафтары Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ының аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнім позициясында жіктелетін материалдар түпкілікті өнім бағасының 80 %-ы шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады » деген жол мынадай редакцияда жазылсын: « 8414 Ауа немесе вакуумдық сорғылар, ауа немесе газ компрессорлары және желдеткіштері; желдеткішпен, сүзгілермен немесе сүзгілерсіз желдеткіш немесе рециркулярлық сорып шығару қақпақтары немесе шкафтары Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс. Жоғарыда көрсетілген шекте өнімнің сондай позициясында жіктелетін материалдар 80 % шегіндегі сомаға дейін қолданыла алады »; мына: « 8471 Есептеу машиналары және олардың блоктары; магниттiк немесе оптикалық санағыш құрылғылар, деректердi кодталған нысандағы ақпарат тасымалдағыштарына және осыған ұқсас ақпаратты өңдеуге арналған машиналарға тасымалдауға арналған басқа жерде аталмаған және енгiзiлмеген машиналар Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны мынадай технологиялық операцияларды орындау жағдайында түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс: - есептеуiш техниканы конфигурациялау және реттеу; - корпуста мынадай функционалдық тораптарды: жүйелiк платаны, қоректендiру блогын және есептеуiш техникасының конфигурациясына кiретiн басқа құрамдауыштарды құрастыру; - құрастырушы элементтердiң кiрiсiн бақылау; - БҚ орнату және есептеуiш техниканы тестiлеу, оның iшiнде алынған нәтижелердi сақтай отырып компьютердiң жұмысқа қабiлеттiлiгiн тексерудiң кешендi тестiн орындау » деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: « 8474 32 000 0 Минералды заттарды битуммен араластыруға арналған машина (асфальтбетон зауыттары) Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны түпкiлiктi өнiм бағасының 80 %-ынан аспауы тиiс, сондай-ақ мынадай технологиялық операциялар, орындалған жағдайда: дайындамаларды жасау (таспалы кескiштi машиналарда кесу, газды плазмалы машинада пiшу); бөлшектерді механикалық өңдеу; корпусты бөлшектердi жасау және оларды механикалық өңдеу бойынша құрастырушы-дәнекерлегiш операциялар; жеке тораптарды құрастыру және сынау; қолда бар әдiстемелiк нұсқаулар бойынша күштік сынақтар өткiзе отырып және конструкторлық құжаттамада салынған техникалық параметрлерді бақылай отырып, қондырғыларды жалпы монтаждау және пайдалануға енгізу »; көрсетілген Ережеге 10-қосымша осы қаулыға косымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі №346 қаулысына қосымша Тауар шығарылған елді анықтау, тауардың шығу тегі туралы сараптама актісін жасау және беру әрі тауардың шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру жөніндегі ережеге 10-қосымша Тауар өндіру ісіндегі жергілікті қамту үлесін есептеу Қ шетел мат ЖҚҮ = 100% _______________ Х 100%, Қ дайын өнім мұндағы, ЖҚҮ – түпкі өнім бағасындағы жергілікті қамту үлесі, %; Қ шетел мат. – шетелде шығарылған шикізат пен материалдардың құны; Қ дайын өнім. – «франко-зауыт» бағасы бойынша дайын өнімнің құны.