Мұндай бастаманы Қазақстан ТЖМ басшысы Юрий Ильин көтерді.
Министр аймақтағы елдерде кез келген төтенше жағдай туралы шұғыл хабар тарататын жүйені құруды ұсынып, қауіп-қатер туындағанда өзара хабардар болудың маңыздылығын атап өтті.
Қазақстандық ТЖМ баспасөз қызметінде айтылғандай, бұл бастама сейсмикалық, сел, көшкін басқа да табиғи апаттар қаупі жоғары жерлерде ТЖ туралы алдын ала хабарлауға мүмкіндік беріп, шығынды азайтуға көмектеседі.
Кеңеске қатысушылар аталған ұсынысты қолдады. Жүйе тек сейсмикалық датчиктерді ғана емес, сонымен қатар өңір елдеріндегі жағдайдың мониторингін жүргізетін қолданыстағы жүйелерінің метеорологиялық, гидрологиялық және басқа датчиктерін біріктіруді көздейді.
Жансая ӘНУАР