Сайлау • 06 Қазан, 2022

Мемлекет басшысы: Президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Мемлекет басшысы сөз сөйледі, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы: Президент сайлауына түсу – мен үшін зор мәртебе

«Біз жаңа саяси дәуірге қадам бастық. 20 қарашада кезектен тыс Президент сайлауы өтеді. Бұл – болашақ даму бағдарымызды айқындайтын аса маңызды науқан. Түрлі қоғамдық ұйымдары маған өздерінің атынан сайлауға түсу туралы ұсыныс білдірді. Мен бұған дейін Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермей, саяси тұрғыдан бейтарап болу қажеттігін айттым. Осы ұстанымым өзгермейді», деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы президент сайлауына түсу ол үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік екенін атап өтті

«Маған сенім артқандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін. Коалицияда басты саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың болуы өте маңызды. Себебі, онда барлық әлеуметтік топтар қамтылған», деді Қ.Тоқаев.