2014 жылғы 17 сәуір, Астана, Үкімет Үйі
Мемлекеттік ресурстарға 2014 жылғы егіннің астығын сатып алу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1.Мемлекеттік ресурстарға 2014 жылғы егіннің астығын сатып алуды жүзеге асыруға арналған бюджет қаражатының сомасы:
1)көктемгі-жазғы қаржыландыру арқылы 3539250000 (үш миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
2)күзгі кезеңде 3539250000 (үш миллиард бес жүз отыз тоғыз миллион екі жүз елу мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.
Көктемгі-жазғы қаржыландыруға пайдаланылмаған ақша қаражаты күзгі кезеңде астық сатып алуға пайдаланылады.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.С. Мамытбековке жүктелсін.
3.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.