Медицина • 06 Қазан, 2022

Елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатыр

465 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында Президент елдегі демографиялық ахуал жайлы сөз қозғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатыр

«Елімізде демографиялық ахуал жақсарып келе жатыр. Бұл – құптарлық үрдіс. Біз «Аңсаған сәби» бағдарламасын қабылдадық. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілді», деді Мемлекет басшысы.

Соның арқасында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 1,5 есе артқан.

«Медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Сондай-ақ дене шынықтыру саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұқаралық спортты дамыту, түрлі үйірмелер ашу қажеттігі туралы міндет қойылды», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.