21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №388

264 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
2014 жылғы 23 сәуір, Астана, Үкімет Үйі «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы  № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгiлеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңiз кемелерiнiң мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде, бербоут-чартер тiзiлiмiнде және халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тiркеуге жататын өздiгiнен жүретін кемелерге қолданылады.»; 3-тармақта: 5), 7) тармақшалар алынып тасталсын; 8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) палубалық команданың қатардағы құрамы; 9) машиналық команданың қатардағы құрамы.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кеме экипажының саны кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiкте көрсетiлгеннен кем болған кезде, мынадай мән-жайлардың бірінің болуын қоспағанда, кеменiң теңiзге шығуына жол берiлмейдi: 1) кеме экипажы мүшесінің қайтыс болуы; 2) кеме экипажы мүшесінің кемеден тыс емдеуді талап ететін ауруы немесе жарақаты; 3) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кеме экипажы мүшесінің репатриациясы; 4) экипаж мүшесінің рейске шығуға объективті мүмкіндігінің болмауы (құқық қорғау органдарының ұстауы, хабар-ошарсыз жоғалып кетуі, кеменің рейске тағайындалған шығу уақытына қарай кемеге оралмауы, құжаттарды жоғалтуы).»; мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын: «5-1. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлiкте көрсетiлгендердің қатарынан кеме экипажының бір мүшесі болмаған кезде осы Талаптардың 5-тармағында көрсетілген мән-жайлар кезінде теңіз портының капитаны кемеге осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес ерекше жағдай туралы куәлік береді. Ерекше жағдай туралы куәлікті алу үшін кеме капитаны кеменің рейске алғашқы тағайындалған шығу сәтінен кейін 4 сағат өткен соң кеме иесімен келісу бойынша теңіз портының капитанына мыналарды көрсетіп, еркін нысанда өтініш береді: 1) кеменің атауы, шақыру сигналы, жалпы сыйымдылығы, Халықаралық Теңіз Ұйымының (IMO) нөмірі; 2) кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымы; 3) кеме экипажы мүшесінің келмей қалу себебі; 4) кеме экипажының келмей қалған мүшесінің лауазымдық міндеттерін кеме экипажының басқа мүшелері арасында қайта бөлу; 5) кеме экипажының келмей қалған мүшесін қоспағанда, кеме экипажы мүшелерінің саны; 6) кеменің порттан шығу күні; 7) кеменің алдағы рейсінің егжей-тегжейі. Теңіз портының капитаны өтініш берілген сәттен бастап 20 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде кеме капитанына ерекше жағдай туралы куәлікті береді. Ерекше жағдай туралы куәлік берілген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге беріледі. Кеме экипажының келмей қалған мүшесінің міндеттерін қайта бөлу экипаж мүшелерінің вахта қызметін атқаруының үздіксіздігін қамтамасыз ету және олардың тынығуының Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген ең аз уақыты ескеріле отырып, жүргізіледі.»; 8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Ұзындығы 75 метрден артық өздігінен жүзетін кемелердің немесе 75 метрден артық құрамның жұмысы кезінде кеменің (құрамның) алдыңғы немесе артқы жағында бір мезгілде арқандап байлауды (арқанды шешуді) қамтамасыз ететін қатардағы құрамның саны кемінде екі адамды құрайды.»; көрсетілген Талаптарға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; көрсетілген Талаптар осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі №388 қаулысына 1-қосымша Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға 1-қосымша Кеме экипажының ең аз құрамының нормативтерi Кеме экипажының лауазымдық құрамы Жалпы сыйымдылығы 500 тiркелiмдiк тоннаға дейiн Жалпы сыйымдылығы 500-ден артық 3000 тiркелiмдiк тоннаға дейiн Жалпы сыйымды-лығы 3000 тiркелiмдiк тоннадан артық Порттық кемелер және салмағы аз кемелер (200 тiркелiмдiк тоннадан аз) Аut белгiсi бар кемелер Аut белгiсi жоқ кемелер Аut белгiсi бар кемелер Аut белгiсi жоқ кемелер Аut белгiсi бар кемелер Аut белгiсi жоқ кемелер Портта, рейдтiк және 20 миль қашықтықта орналасқан панадан жағалау жүзу Жағалаудағы жүзу Жағалаудағы жүзу Жүзу ауданы шектелме-ген Жағалаудағы жүзу Жүзу ауданы шектелме-ген Жағалауда-ғы жүзу Жүзу ауданы шектелмеген Жағалау-дағы жүзу 3 ауысымдық 2 ауысымдық 3 ауысымдық 2 ауысымдық 3 ауысымдық 3 ауысымдық 2 ауысымдық 3 ауысымдық 3 ауысымдық 2 ауысымдық 3 ауысымдық 3 ауысымдық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 Капитан 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 Капитанның аға көмекшiсi 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 - Капитанның вахталық көмекшiсi 1 - 1 - 1 1 - 1 1 - 1 1 - Аға механик 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 1 - Вахта механигi 1 - 1 - 1 1 1 2 2 1 1 2 1 Палубалық команданың қатардағы құрамы 3 2 3 2 3 3 2 3 3 2 3 3 1 Машиналық команданың қатардағы құрамы - - - - - - - - - - - 1 - Барлығы 8 5 8 5 8 8 6 9 9 6 8 10 3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі №388 қаулысына 2-қосымша Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарға 3-қосымша Қазақстан Республикасы Ерекше жағдай туралы куәлік Кеме туралы мәліметтер Кеменің атауы________________________________________________________ Шақыру сигналы______________________________________________________ Тіркеу порты_________________________________________________________ Жалпы сыйымдылығы_________________________________________________ IМО нөмірі__________________________________________________________ Порт және кету күні___________________________________________________ Межелі порты және болжамды келу күні_________________________________ Осымен кеменің төменде санамаланған мән-жайларды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын назарға ала отырып, бортында кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте белгіленгеннен аз экипажбен рейс жасауы үшін порттан кету құқығы куәландырылады: Ерекше жағдай туралы куәлік берілген мән-жайлар:___________________ ____________________________________________________________________ Теңізде жүзу қауіпсіздігі және ерекше жағдай туралы куәлік беру кезеңінде кемені қауіпсіз пайдалану мынадай шаралармен қамтамасыз етіледі: ________________________________ ______________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________ Осы Куәлік 10 жұмыс күннен аспайтын мерзімге берілді және осы Куәлік қоса берілген Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәліктің жарамды болуы шартымен 20___ жылғы «___» ___________ дейін жарамды болады. ___________________________________ теңіз портының капитаны берді Қолы _________________________ Мөрі Беру күні 20____ жылғы «___»____________