Саясат • 07 Қазан, 2022

Ертеңіміз үшін ұтымды шешім

68 рет көрсетілді

Кешелі бері еліміздегі ірі саяси күштер, республикалық қоғамдық бірлестіктер, ардагерлер мен жастар ұйымдары және басқа да ұжымдар алдағы президент сайлауына Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып жатыр. «Amanat» партиясының кезектен тыс XXIV съезінде де Мемлекет басшысын Қазақстан президенттігіне үміткер ретінде ұсыну туралы шешім қабылданғаны белгілі.

Осыған орай бүгін халықтық коалиция құрылып, оның құрамына енген барлық саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасына қолдау білдірді. Бұл – мемлекеттілігіміз бен тәуелсіздігімізді нығайту жолында жасалған маңызды қадам. Өйткені қазіргідей күрделі кезеңде бізге осындай ортақ пайым мен бекем бірлік ауадай қажет.

Бүгін өткен қолдаушылар форумында Президентіміз елдің ынтымағына баса мән беріп, ұлтты ұйыстыратын жеті қағидаға назар аударды. Бұл орайда Мемлекет басшысы Тәуелсіздік, жеріміздің тұтастығы, мемлекеттік мүдде, рухани үндестік, заңдылық пен тәртіп, жасампаздық және достық пейіл мен мейірімділік біздің елдік жолындағы ең басты құндылықтарымыз екенін айрықша атап өтті.

Жалпы, соңғы жылдарда Президентіміздің бастамасымен елімізде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар табысты іске асырылып келеді. Соның нәтижесінде саяси жүйеміз айтарлықтай жаңғыртылып, демократия, әділеттілік, заң үстемдігі, барлық азаматқа тең мүмкіндік сияқты қағидаларға басымдық берілуде. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға айрықша көңіл бөлініп, осы бағытта нақты жобалар қолға алынды. Алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды табанды және жүйелі түрде жалғастыру аса маңызды.

Сондай-ақ қазіргі таңда бүкіл әлеммен бірге Қазақстан да түрлі жаһандық сын-қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Осындай алмағайып шақта бізге елді барлық сынақтан сүріндірмей алып шығатын нағыз көшбасшы қажет. Осы тұрғыдан келгенде, көпшіліктің Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауы халықтың Мемлекет басшысына деген сенімі екені сөзсіз. Сондықтан халықтық коалицияның ұсынысы – еліміздің ертеңі үшін ең ұтымды шешім.

Алдағы сайлау халқымыздың береке-бірлігін арттырып, мемлекет дамуының жаңа кезеңіне жол ашады деп сенеміз.

 

Мәулен ӘШІМБАЕВ,

Сенат Төрағасы

Соңғы жаңалықтар

«Айбоз» дарабоздары анықталды

Әдебиет • Бүгін, 08:55

Президент құттықтауы

Президент • Бүгін, 08:50

Елдік ниет

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Кезекте – жер үйлер

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Заң жобасы қаралды

Саясат • Бүгін, 08:42

Тиімді ынтымақтастық

Саясат • Бүгін, 08:38

Саяси маман даярлау бағдарламасы

Экономика • Бүгін, 08:32

Жеңістің бастауы – халық

Қоғам • Бүгін, 08:27

Асыл тұқымның пайдасы

Аймақтар • Бүгін, 08:24

Берекелі ақбас сиыр

Экономика • Бүгін, 08:20

Автожолдың сан алуан мәселесі

Экономика • Бүгін, 08:18

Ішкі жалпы өнім 4 пайызға өседі

Экономика • Бүгін, 08:14

Инфляцияның кезекті толқыны

Экономика • Бүгін, 08:10

Аурудың алдын алайық!

Медицина • Бүгін, 08:08

Білім көкжиегін кеңейткен

Ғылым • Бүгін, 08:06

Сапасыз ойыншықтың залалы

Аймақтар • Бүгін, 08:04

Ұқсас жаңалықтар