Теннис • 07 Қазан, 2022

Тимофей Скатов Италияда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Италияның Парма қаласында ерлер арасындағы Челленджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тимофей Скатов Италияда өтіп жатқан турнирде жеңіске жетті

Испаниялық теннисші Карлос Табернермен (әлемнің 128-ракеткасы) кездесуде Скатов үш сетте 6:7, 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Матч үш сағат 13 минутқа созылды.

Ойын барысында қазақстандық спортшы (әлемнің 209-шы ракеткасы) бірде-бір сервис орындамады және бірде-бір қос қателік жасамады, сонымен қатар сегіз ұпаймен алты ойын қатарынан жеңіске жетті.