Аймақтар • 07 Қазан, 2022

Қостанай облысында бірқатар шенеунік сотталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай аудандық сотында Қостанай ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бұрынғы бастығына қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында бірқатар шенеунік сотталды

Еркін Сарымбет қызметтік жағдайын пайдаланып, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобын құрып, алаяқтық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Үш сотталушы жүздеген мың теңгеден бастап миллионға дейін пара алып, жалпы кезекті айналып өтуге ниет білдірушілерге жер учаскелерін берумен айналысқандары анықталды.

Соттың мәліметінше, 2020 жылдың мамыр-маусым айлары аралығында Е.Сарымбет пен жеке кәсіпкер Мәлік Сәрсенбаева алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен алдын ала сөз байласу арқылы жалпы сомасы 2,4 млн теңге ұрлаған.

Сәрсенбаева мен оның ағасы Мәкішев 2021 жылдың мамыр айында сотталушы Сарымбетті қылмыстық істі тоқтату үшін лауазымды адамға пара беруге көндірді.

Прокурор айып тағылған баптар бойынша келесі жаза тағайындауды сұрады:

Сарымбет - 4 жыл бас бостандығынан айыру, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салу, Сәрсенбаева - 7 жыл бас бостандығынан айыру,

Мақышев - 5 жыл бас бостандығынан айыру.

«Сотталушы Сарымбет кінәні ішінара мойындады, сотталушылар Сәрсенбаева мен Мақышев кінәні мойындамады. Нәтижесінде Сарымбетке 5 жыл бас бостандығынан айыру, Сәрсенбаеваға 7 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру және Мақышевке 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», деп хабарлады облыстық сотта.

Сотталушылар орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтейтін болады. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары ішінара қанағаттандырылды.