Қазақстан • 07 Қазан, 2022

Қазақстанда тазы мен төбетті сақтау туралы заң әзірленеді

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша жеке заң әзірленетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Президент Іс Басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстанда тазы мен төбетті сақтау туралы заң әзірленеді

Хабарламада айтылғандай, ҚР Президентінің Іс Басқарушысы Айбек Дадебаев қазақтың ұлттық ит тұқымдарын сақтау және қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Кездесуде мемлекеттік органдардың өкілдері бір ай ішінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жоспарланған іс-шаралар туралы айтып берді. Сараптамалық қоғамдастықпен (оның ішінде кинологтармен, ғалымдармен) талқылауларды ескере отырып, тазы мен төбетті сақтау және қалпына келтіру мәселелері туралы жеке заң әзірлеу туралы шешім қабылданғаны атап өтілді.

Осыған байланысты, кеңес қорытындысы бойынша ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне (Ұлттық ит тұқымдарын сақтау және қалпына келтіру мәселелері жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ретінде) басқа мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ҚР ПІБ Парламентаризм Институтының ұсыныстары негізінде әзірленген заң жобасының түпкілікті нұсқасын енгізу тапсырылды.