Қазақстан • 07 Қазан, 2022

Қазақстан мен Аустрия арасындағы байланыс нығаяды

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Венаға жұмыс сапары аясында Аустрия ресми өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Аустрия арасындағы байланыс нығаяды

Аустрия Федералдық Президентінің Халықаралық істер жөніндегі кеңесшісі Герда Фогльмен келіссөз барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларға ерекше назар аударылған. Сыртқы істер министрінің орынбасары Аустрия тарапын алдағы кезектен тыс президенттік сайлау, елдің саяси жүйесінің трансформациясы туралы хабардар етті.

Аустрия СІМ Бас хатшысы Петер Лаунский-Тиффентальмен кездесуде өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптар қозғалған.

«Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Аустрия өкілдері екіжақты және көпжақты күн тәртібінің барлық тақырыптары бойынша тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.

Венада болу кезінде Р. Василенко Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының өкілдерімен кездесіп, ұйымның халықаралық саясаттағы рөлі және Қазақстанның ұйым институттарымен ынтымақтастығының перспективалары бойынша ой бөлісті», деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар қазақстандық дипломат Аустрияның танымал басылымдарының бірі «Die Presse» тілшісіне сұхбат берді.