Қоғам • 07 Қазан, 2022

Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

924 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Президенттігіне «Ұлттық альянс» қоғамдық ұйымынан Қарақат Әбден кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарақат Әбден Президент сайлауына кандидат ретінде ұсынылды

Бүгін елордада Қазақ Швейцариялық Америка колледжі базасында жұмыс істейтін Әлеуметтік қызметкерлер мектебінде «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жалпы жиналысы өтті.

Шара барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» ҮЕҰ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және ілгерілету, сондай-ақ республикалық деңгейде азаматтардың осал топтарының мәселелерін айту және мүдделерін қорғау мақсатында Қарақат Әбден Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Президенттікке кандидат ретінде ұсынылды.

Әбден Қарақат Жақсылыққызы – 4 баланың анасы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елордалық қоғамдық кеңестің мүшесі. 1974 жылы Ақмола облысында туған.

Мемлекеттік қызметте, оның ішінде Салық комитетінің орталық аппаратында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. VI шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болды.

Сондай-ақ балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, 15 тәрбиеленушісінің тәлімгері.