Қазақстан • 08 Қазан, 2022

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде

257 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

8 қазанда Астана, Алматы, Атырау, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей және Риддер қалаларында ауаның ластану деңгейі жоғарылайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның тоғыз қаласында қолайсыз метеожағдайлар күтілуде

Аталған қалалардағы метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Өскемен, Семей және Риддер қалаларында екінші дәрежелі ескерту жарияланды.

Республиканың қалған қалаларында қолайлы метеожағдайлар күтілуде.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеожағдайлар пайда болған кезде елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). Осы болжамға сәйкес, 8 қазанда елдің солтүстік аймақтарының ауа-райына циклон шұңқыры әсер етеді, найзағаймен жаңбыр жауады, түнде солтүстік-батыста жауын-шашын болады (жаңбыр, қар). Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, түнде солтүстігінде, батысында тұман болады деп күтілуде.