Саясат • 08 Қазан, 2022

Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды. 2-3 күн ішінде олардың талаптарға сәйкестігі тексеріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қарақат Әбден ОСК-ға құжаттарын тапсырды

Қарақат Әбден құжаттардың барлық көшірмелерін нотариалды куәландырғанын атап өтті.

Қоғам қайраткері, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Қарақат Әбден 2022 жылғы 7 қазанда кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсынан ҚР Президенті лауазымына кандидат ретінде ұсынылды.