21 Мамыр, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №497

303 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2014 жылғы 16 мамыр,  Астана, Үкімет Үйі Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесін бекіту туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9-бабы 3-тармағының 2-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі (бұдан әрі – тізбе) бекітілсін. 2. Облыстардың әкімдіктері Қазақстан Респуликасы заңнамасының талаптарына сәйкес тізбеге енгізілген кәсіпорындарға жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 16 мамырдағы №497 қаулысымен бекітілген Жер учаскелері ақысыз негізде меншікке берілетін отандық өнеркәсіп кәсіпорындарының тізбесі р/с № Кәсіпорын Инвестициялық жобаның атауы Өңір 1 2 3 4 1 «ЕЖІ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қыш кірпіш өндіру зауытын салу Ақмола облысы 2 «Қазатомөнеркәсіп» күкірт қышқылы зауыты» бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Өндірістік қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау Ақмола облысы 3 «АЗИЯ АВТО Қазақстан» акционерлік қоғамы Өскемен қаласында толық циклді автозауыт және автокомпоненттер өндіретін технопарк салу Шығыс Қазақстан облысы 4 «СемАЗ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Беларусь-3022ДЦ. 1» тракторын құрастырып өндіру Шығыс Қазақстан облысы 5 «АСІО» акционерлік қоғамы Цемент зауытын салу Жамбыл облысы 6 «Тараз құбыр зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Полиэтиленді құбырлар және тамшылатып суаруға арналған құбырлар шығаратын зауыт салу Жамбыл облысы 7 «БиномСтройДеталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құрылыс материалдары комбинаты Жамбыл облысы 8 «Орал трансформатор зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қуаттылығы 20-1200 кВт болатын трансформаторлар өндірісі Батыс Қазақстан облысы 9 «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Темір жол жүк вагондары үшін ірі қүймалар өндірісі Қарағанды облысы 10 «NORD Пром НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бетон теміржол шпалдарын шығару Қарағанды облысы 11 «Евромет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Көмірден металлургиялық коксты жанама ала отырып, жылу техникалық кешенінің екінші кезегін салу және пайдалануға беру Қарағанды облысы 12 «Мерей» медициналық фирмасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Медициналық мекемелер үшін біржолғы өнім өндірісін ұйымдастыру Қарағанды облысы 13 «Вару Міnіng» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Темір кенін өндіру және қайта өңдеу Қарағанды облысы 14 «Қостанай ҰББ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қостанай қаласында жылына тұрғын үйдің 70 мың шаршы метріне арналған үй құрылысы комбинатын салу Қостанай облысы 15 «БК-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Құрастырмалы темірбетон өндіру зауытын салу Қостанай облысы 16 «Ғоrmat; Масһ Соmpanу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1) Ірі және орта құймаларды шығаруды ұйымдастыру 2) Машина жасау өндірісін жаңғырту Павлодар облысы 17 «Ғоrmat зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Марганецті құйма өндірісін ұйымдастыру Павлодар облысы 18 «Каzаkһstаn Project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1) Дәретхана қағазының, қағаз сүлгілер мен қағаз майлықтарының өндірісі 2) Жұмыртқаға арналған лотоктар және басқа да қағаз өнімдері өндірісін ұйымдастыру Павлодар облысы 19 «Технологиялық желілер» жауапкершілігі шектеулі серікгестігі Құйма өндірісін жаңғырту Павлодар облысы 20 «LTD мұнай химия компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Полимерлік бұйымдар өндірісі Павлодар облысы 21 «ЮгПласт компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қуаттылығы жылына 6000 тонна болатын полиэтиленнен қысым құбырларын шығару жөніндегі зауыт салу Оңтүстік Қазақстан облысы 22 «ЕвроКристалл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қуаттылығы 60 млн. бірлік бос шынылар қораптарын өндіру жөніндегі зауыт салу Оңтүстік Қазақстан облысы