Аймақтар • 09 Қазан, 2022

Атырау облысындағы жол апаттарынан екі адам қаза тапты

285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда бір түнде екі жол-көлік оқиғасы болып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау облысындағы жол апаттарынан екі адам қаза тапты

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 9 қазан күні сағат 02:40 шамасында Chevrolet Niva көлігі Құлсары-Аққызтоғай тас жолының 17 шақырымында жол апатына ұшырап, аударылды. Оқиға орнында жол-көлік оқиғасы салдарынан 1978 жылы туған жүргізуші қаза тапты. Сондай-ақ кеше түнгі сағат 06:30 шамасында Доссор-Бейнеу тас жолының 104 шақырымында Lada Largus көлігі жол апатына ұшырады. Көлікте 7 адам болған. Жолаушылардың бірі сол жерде қайтыс болды, тағы 2 адам ауруханаға жеткізілді.

С

Атырау полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.